Жаңалықтар
Бүгін Астана қаласындағы республикалық «Әзірет Сұлтан» мешітінде «Ислам мәдениетінің өркендеуіне Қазақстанның қосқан үлесі» атты халықаралық ғылыми конференция болып өтті. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі Дін мәселелері жөніндегі ғылыми-зерттеу және талдау орталығы және Ислам Ынтымақтастығы Ұйымы жанындағы Ислам тарихы, өнері мен мәдениетін зерттеу орталықтарымен (IRCICA) бірлесе ұйымдастырған конференция жұмысына...
Бүгін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Серікбай қажы Ораз Шымкент қаласында өткен «Бауырлас елдердің рухани ортақ құндылықтары» атты халықаралық форум аясында Өзбекстан мүфтиі Усманхан қажы Алимовпен кездесті.
Кездесуде екі ел мүфтиі халықаралық форумда айтылған ұсыныстар мен пікірлерді талқылады. Сонымен қатар, қазақ-өзбек бауырластығын одан әрі нығайтуды көздейтін игі іс-шаралардың жоспары жайлы пікір алысты. Дін қайраткерлері Қазақстан мен Өзбекстанның...
Шымкент қаласында Қазақстандағы Өзбекстан жылы аясында «Бауырлас елдердің рухани ортақ құндылықтары» атты халықаралық форум өтті.
Форум жұмысына Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Серікбай қажы Ораз, Өзбестан мүфтиі Усманхан қажы Алимов бастаған біртоп делегация, Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Ұласбек Сәдібекұлы, мемлекет және қоғам қайраткерлері – Розақұл Халмұрадов, Шалатай Мырзахметов, Мархабат Байғұт, ҚМДБ ғалымдары мен жергілікті 600-ден...
Бүгін Астана қаласындағы республикалық «Әзірет Сұлтан» мешітінің жазғы сауат ашу курсының шәкірттері оқу бағдарламасын аяқтап, арнайы сертификат табыстау рәсімі болып өтті. ҚМДБ төрағасының бірінші орынбасары, «Әзірет Сұлтан» мешітінің бас имамы Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасымен биылғы жылы бұл концерттік шараға астасып, бүлдіршіндерге мереке ұйымдастырылды.
Мешіт мейрамханасында өткізілген шара аясында бүлдіршіндерге дастархан жайылып, жеміс-жидек пен тәтті тағамдар...
Астана қаласындағы республикалық «Әзірет Сұлтан» мешіті қасиетті Рамазан айы бойы 23 200 жанға дастархан жайып, тегін ауызашар ұйымдастырды. ҚМДБ төрағасының бірінші орынбасары, наиб мүфти, «Әзірет Сұлтан» мешітінің бас имамы Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасымен биылғы жылы құлшылық ордасының оң жақ қанатындағы кіреберіс дәліз бен конференция залы да қолданысқа беріліп, бір күнгі ауызашар дастарханына шақырылатын қонақтар саны 800-ге жеткен болатын.
Күн сайын мешіт жамағатына...
Ораза айт күні «Астана» медресе-колледжінің ғимаратында бітіруші түлектерге диплом табыстау рәсімі өтті. Салтанатты шараға Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Төрағасы, Бас мүфти Серікбай қажы Ораз, ҚМДБ-ның Халықаралық қатынас және хаттама бөлімінің меңгерушісі Оңғаров Ершат Ағыбайұлы, ҚМДБ-ның Астана қаласы бойынша өкілі, «Нұр Астана» орталық мешітінің Бас имамы Мұқанов Асқар Әбітайұлы, «Астана» медресе-колледжінің директоры Ақжігітов Бекзат Қалибанұлы және ұстаздар,...
Бүгін, қасиетті Ораза айт мерекесінің құрметіне орай республикалық «Әзірет Сұлтан» мешіті «Айттық бізден болсын!» атты дәстүрлі қайырымдылық шарасын өткізді. Жыл сайын Ораза айт мерекесінде өткізілетін бұл шара аясында Елордамыздағы тұрмысы төмен отбасыларға мереке мейірін сезіндіру мақсатында азық-түлік қоры толтырылған «айттық сөмкелері» таратылып келеді.
Биылғы жылы акция аясы әлдеқайда кеңейіп, Елордамыздағы 500 отбасыға көмек көрсетіліп отыр. ҚМДБ төрағасының бірінші...
Бүгін Астана қаласындағы республикалық «Әзірет Сұлтан» мешітінде айт намазы оқылып, мешіт ауласында бірқатар мерекелік шаралар ұйымдастырылды. Таң атысымен құлшылық ордасына қарай ағылған жамағат сағат тілі алтыны көрсетпей жатып-ақ құлшылық ордасының ішін лық толтырды. Аумағы атшаптырым алып мешіттің іші-сырты түгелдей жамағатқа толып, Ораза айт намазы басталғанша ғибадат-құлшылық пен дұға-тілектердің легі толастамады.
Айт намазының алдында мешіт мінберіне ҚМДБ төрағасының...
Астана қаласындағы «Зекет» қоры өкілдігінің «Қарттар мен мүгедектерге арналған медициналық-әлеуметтік мекемесінде» Рамазан айында ауызашар дастарханын жайып, ардагер ақсақалдарымызға құрметк көрсетіп келе жатқанына бірнеше жылдың жүзі болды. Биылғы жылы қор қызметкерлері дәстүрлі игі шараны жалғастырып, кеше Қарттар үйінде болып қайтты.
Қор директоры Ибрагим Сматаев бастаған топ орталықтағы қарияларға арнайы ауызашар дастарханын жайып, қасиетті Рамазан айының мерекелік...
Айлардың сұлтаны болған қасиетті Рамазанды аман-есен өткеріп, Ораза айт мерекесіне төрт көзімізді түгел жеткізген Жаратушы Аллаға сансыз шүкірліктер мен мадақтар болсын! Қасиетті айды құлшылықпен өткізіп, қайырымдылық пен ізгілік жолын кеңейткен, сабырлық пен шыдамның шыңын бағындырып, нәпсі атаулыны әлсірете күйреткен мұсылман қауымы үшін Ораза айт мейрамының орны ерекше.
Бұл мереке – мейірім мен махаббаттың, ізгілік пен имандылықтың, татулық пен бауырмалдықтың, кішіпейілділік...
9217921692159214921392129211921092099208