«Әзірет Сұлтан» мешітінде бірінші наиб имам тағайындалды (ФОТО)
Бүгін Астана қаласындағы республикалық «Әзірет Сұлтан» мешітінде ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Серікбай қажы Ораздың төрағалығымен жалпы жиналыс болып өтті. Бас мешіт ұжымымен өткізген жиналыс барысында Серікбай қажы Ораз республикалық «Әзірет Сұлтан» мешітінің бірінші наиб имамы қызметіне Қыдырмин Қанат Қоянбекұлын тағайындады. Бас мүфти Серікбай қажы Ораз республикалық «Әзірет Сұлтан» мешітінің еліміз ғана емес, алыс-жақын шетелдерге кеңінен танымал екенін айта келіп, алдағы...
date06.07.2018readCount170readmoreТолығырақ
Бас мешіт жамағаты жұма күні тағы бір сауапты іс жасады (ФОТО)
Бүгін, қасиетті жұма күні республикалық «Әзірет Сұлтан» мешітінде «Өзгеге өмір сыйла!» атты донорлық акция болып өтті. Таңғы тоғыздан бастап құлшылық ордасының ауласында орналасқан Республикалық қан орталығының көлігі еріктілер қабылдап, өз жұмыстарын бастап кетті. Республикалық Қан орталығымен бірлесіп ұйымдастырылған игі шараға мешіт қызметкерлері де белсене атсалысып, кезектің алды болып қан тапсырып қайтты. Тоқсан сайын тұрақты түрде өткізіліп тұратын бұл акция мешіт...
date30.06.2018readCount306readmoreТолығырақ
Астананың 20 жылдығына орай дуатлоннан қалалық турнир өтті (ФОТО)
Бүгін Астана қаласының 20 жылдық мерейтойының құрметіне орай Елорда тұрғындарының арасында дуатлоннан ашық турнир болып өтті. Салауатты өмір салтын насихаттауға бағытталған бұл турнирге қатысушылар 5 шақырымды жаяу жүгіріп өтіп, 20 шақырымды велосипедпен еңсерді. Астана қаласының әкімдігі мен Мәдениет және спорт басқармасының, «Спорттық бұқаралық іс-шараларды өткізу дирекциясының, Астана Триатлон федерациясының бірлесе ұйымдастыруымен жүзеге асып келе жатқан бұл дәстүрлі шара...
date24.06.2018readCount471readmoreТолығырақ
Жыл басынан бері 13 мешіт ашылған
Көршілес өзбек елінде жыл басынан бері 13 құлшылық ордасы жамағатқа есігін айқара ашқан. Бұл жайында Шымкент қаласында өткен «Бауырлас елдердің рухани ортақ құндылықтары» атты халықаралық форум барысында Өзбекстан мұсылмандары басқармасының төрағасы, мүфти Усманхан Алимов мәлім етті. Өзбек мүфтиінің айтуынша, билік басына Шавкат Мирзиев келісімен Ислам дінінің жаңғыра түсуіне бағытталған шаралар мықтап қолға алынған. Мемлекеттік деңгейде Құран сайыстары ұйымдастырылып, діни...
date22.06.2018readCount349readmoreТолығырақ
ҚМДБ халықаралық дін қауымдастығы арасында жоғары беделге ие болуда – облыс әкімі (ФОТО)
Түркістан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев Шымкент қаласында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ұйымдастыруымен өткен халықаралық форумға құттықтау хат жолдады. Құттықтау хатта облыс әкімі Ж.Қансейітұлы: «Сіздерді «Бауырлас елдердің рухани ортақ құндылықтары» атты халықаралық форумының ашылуымен құттықтаймын! Қазақстан және Өзбекстан мемлекеттері басшыларының бастамасымен екі елдің ежелден қалыптасқан байланысы жаңғырып, жаңа кезеңге аяқ басқан тұста Қазақстан мен...
date22.06.2018readCount298readmoreТолығырақ
Бас мешітте наиб мүфти төрағалығымен Халықаралық конференция өтті (ФОТО)
Бүгін Астана  қаласындағы республикалық «Әзірет Сұлтан» мешітінде «Ислам мәдениетінің өркендеуіне Қазақстанның қосқан үлесі» атты халықаралық ғылыми конференция болып өтті. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі Дін мәселелері жөніндегі ғылыми-зерттеу және талдау орталығы және Ислам Ынтымақтастығы Ұйымы жанындағы Ислам тарихы, өнері мен мәдениетін зерттеу орталықтарымен (IRCICA) бірлесе ұйымдастырған конференция жұмысына...
date21.06.2018readCount625readmoreТолығырақ
Серікбай қажы Ораз Шымкентте Өзбекстан мүфтиімен кездесті (ФОТО)
Бүгін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Серікбай қажы Ораз Шымкент қаласында өткен «Бауырлас елдердің  рухани ортақ құндылықтары» атты халықаралық форум аясында Өзбекстан мүфтиі Усманхан қажы Алимовпен кездесті. Кездесуде екі ел мүфтиі халықаралық форумда айтылған ұсыныстар мен пікірлерді талқылады. Сонымен қатар, қазақ-өзбек бауырластығын одан әрі нығайтуды көздейтін игі іс-шаралардың жоспары жайлы пікір алысты. Дін қайраткерлері Қазақстан мен Өзбекстанның...
date20.06.2018readCount290readmoreТолығырақ
Бас мүфти Шымкентте халықаралық форумға қатысты (ФОТО)
Шымкент қаласында Қазақстандағы Өзбекстан жылы аясында «Бауырлас елдердің рухани ортақ құндылықтары» атты халықаралық форум өтті. Форум жұмысына Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Серікбай қажы Ораз, Өзбестан мүфтиі Усманхан қажы Алимов бастаған біртоп делегация, Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Ұласбек Сәдібекұлы, мемлекет және қоғам қайраткерлері – Розақұл Халмұрадов, Шалатай Мырзахметов, Мархабат Байғұт, ҚМДБ ғалымдары мен жергілікті 600-ден...
date20.06.2018readCount170readmoreТолығырақ
Бас мешіттің бала шәкірттеріне сертификат табысталды (ФОТО)
Бүгін Астана қаласындағы республикалық «Әзірет Сұлтан» мешітінің жазғы сауат ашу курсының шәкірттері оқу бағдарламасын аяқтап, арнайы сертификат табыстау рәсімі болып өтті. ҚМДБ төрағасының бірінші орынбасары, «Әзірет Сұлтан» мешітінің бас имамы Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасымен биылғы жылы бұл концерттік шараға астасып, бүлдіршіндерге мереке ұйымдастырылды. Мешіт мейрамханасында өткізілген шара аясында бүлдіршіндерге дастархан жайылып, жеміс-жидек пен тәтті тағамдар...
date18.06.2018readCount387readmoreТолығырақ
«Әзірет Сұлтан» мешіті Рамазан айында 23 000 жанға ауызашар берді (ФОТО)
Астана қаласындағы республикалық «Әзірет Сұлтан» мешіті қасиетті Рамазан айы бойы 23 200 жанға дастархан жайып, тегін ауызашар ұйымдастырды. ҚМДБ төрағасының бірінші орынбасары, наиб мүфти, «Әзірет Сұлтан» мешітінің бас имамы Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасымен биылғы жылы құлшылық ордасының оң жақ қанатындағы кіреберіс дәліз бен конференция залы да қолданысқа беріліп, бір күнгі ауызашар дастарханына шақырылатын қонақтар саны 800-ге жеткен болатын. Күн сайын мешіт жамағатына...
date18.06.2018readCount242readmoreТолығырақ