old.muslim.kz Мақалалар - Muslim.kz
Оразаның сауабы мол, жеңілдігі де жетерлік
– Сұхбатымызға кіріспе болсын, Рамазан айының мәніне шолу жасап өтсеңіз? – Рамазан айы – айлардың сұлтаны, қасиетті ай. Алла тағаланың таңдаған айы. Бұған дәлел ретінде Алла тағала Құранда айтады: «Бұл сондай ай – бұл айда адамдарға тура жол үшін, жақсы менен жаманды айыру үшін Құран түсірілді». Алла Тағаланың қалауымен осы айға Құран түсу арқылы, Рамазан айының құндылығы көтерілген. Рамазанның дәрежесін көтеріп тұрған – Құран. Ғұламалардың айтуынша, Құран кімге...
date17.05.2018readCount2187readmoreТолығырақ
Рамазан – рақым айы
Аса қамқор, ерекше Мейірімді Алланың атымен бастаймын! Қадірлі бауырлар! Баршамызды оразаға аман-есен жеткізген құдіреті шексіз Алла Тағалаға сансыз шүкірлер мен мақтау-мадақтар болсын!   Сіздерді күллі мұсылман қауымы асыға күткен қасиетті рамазан айының келуімен шын жүректен құттықтаймын! Әр шаңыраққа шаттық пен бақыт, бірлік пен береке тілеймін! Баршаңызға Жаратқан Ием жар болсын! Біздің халқымыз ежелден рамазанды ерекше қастерлеп: «Он екі айдың сұлтаны», – деп...
date17.05.2018readCount1917readmoreТолығырақ
Ораза сауабы жойылмас үшін...
Міне, көзді ашып-жұмғанша да Рамазанға қайта келіп жеттік. Аллаға мың да бір шүкір... Расында, Рамазан – берекеттің қайнары. Бұл берекелі айды Алла Тағала өзге айлардан ерекше еткен тұсы да осы – өзге айларда жасалатын игі істер бұл айда есесімен жазылады. Әрі бұл айға тән болған парыз оразаның сауабын Алла ғана береді. Алайда, кей ораза ұстаушы жандар бар, олар ораза ұстау деп тек ішіп-жемнен тыйылуды ғана түсінеді. Алайда, бұл түсінік қате, себебі оразаның ақиқаты бұл айтылғаннан...
date17.05.2018readCount2689readmoreТолығырақ
 Уаһабия қандай ағым?
Тарихқа шолу жасасақ, кезінде хазіреті Әлимен (р.а.) соғысқан хауариждердің көпшілігі Нәжд халқынан құралғанын көреміз. Сол  хауариждер – бүгінгі таңдағы уаһабилердің «аталары» болып табылады. Пайғамбарымыздың  (с.ғ.с.) заманында шайтан кейбір сахабаларға көрінген және әрдайым Нәжд жақтан келген бір шал кейпінде болған. Одан кейінгі кезеңдерде бұл аймақтан жалған пайғамбар Мусәйләмәтул Кәззәб шыққан. Мусәйләмә өзіне ергендермен бірге мұсылман әскеріне қарсы соғысқан....
date06.05.2018readCount2319readmoreТолығырақ
Хазіреті Әли мен Фатима анамыздың отбасылық өмірі
Фатиманы (р.а) еске алғанда оның кімнің қызы, кімнің жары, кімнің анасы екендігі  еріксіз еске түседі. Фатима (р.а)  – тақуалардың көшбасшысы, Адам ұрпағының мырзасы Мұхаммед Пайғамбар (С.ғ.с.) мен Хадиша анамыздың (р.а) төртінші қызы, көзінің нұры, жүрегінің бөлшегі, ұрпағын жалғастырушысы. Оның сыртқы келбеті Алла Елшісіне(С.ғ.с.)  ұқсаған болса, уақыт өте келе ішкі дүниесі де кемелдене түседі. Пайғамбардың(С.ғ.с.)  көзінің қарашығындай болған қызы Фатимаға (р.а) деген...
date04.05.2018readCount5readmoreТолығырақ
Шағбан – жақсылықтардың бастауы
Шағбан сөзінің тілдік мағынасы «көптеген жақсылықтардың бастауы» дегенді білдіреді. Сансыз сауапқа толы қасиетті Рамазан жақындағанын сүйіншілейтін бұл мүбәрак айды ардақты Мұхаммед пайғамбарымыз (с.ғ.с.) ерекше ықыласпен қарсы алып, құлшылыққа толы өткізетін болған. Алдағы Рамазан айына дайындық жасап, айналасындағы сахабаларын соған үндеген. Әбу Әмәмә әл-Бәһилиден жеткен хадисте: «Шағбан айы кіргенде, өздеріңізді тазалаңыздар және ниеттеріңізді дұрыстаңыздар»[1], –...
date20.04.2018readCount2541readmoreТолығырақ
Исра және миғраж мұғжизасы
Исра сөзі «түнгі сапар» дегенді білдірсе, миғраж «жоғары көтерілу» деген мағына білдіреді. Мәдина қаласына қоныс аударудан бір жарым жылдай уақыт бұрын бір түні Пайғамбарға (с.ғ.с.) Жебірейіл періште (ғ.с.) келеді. Оның қасында тек пайғамбарлар ғана мінетін Бурақ (қазақтың «пырақ» сөзі осыдан шыққан) атты жүйрік жануар бар екен. Пайғамбар (с.ғ.с.) Жебірейілдің (ғ.с.) айтуымен осы жануарға мініп Бәйтул-Мақдиске (Иерусалим шаһарына) бір мезетте жетіп барады. Мұнда әл-Ақса...
date12.04.2018readCount1930readmoreТолығырақ
Тарих сахнасындағы әйел тағдыры
Әйел тарих сахнасында түрлі сындарлы кезеңдерден өтуге мәжбүр болды. Көбінесе әйелдің қуанышынан қайғысы, үмітінен күдігі басым еді. Әйелді шайтанға, тіпті, еркектің ермегіне айналған күнделікті қолданатын затқа теңейтін. Әйел жансыз бір тіршілік және басты міндеті – үй шаруасының қызметшісі деп бағаланды. Әйел әлмисақтан қарғысқа ұшыраған жаратылыс, күнә мен жамандықтың көзі деген наным да болды. Сонымен бірге, әйел әрі қасірет әрі құмарлық, әрі сүйікті әрі сұмдық ол тозақтың...
date30.03.2018readCount1863readmoreТолығырақ
Бірлікке бастаған Еуразия мұсылман ғұламаларының форумы
Жуырда Астана қаласында Еуразия елдерінің мүфтилері мен ғұламалары бас қосқан «Еуразия кеңістігіндегі Ислам өркениеті: өткені, бүгіні және болашағы» тақырыбында халықаралық форум өтті. Форумның басты мақсаты – рухани көшбасшылардың бірлесе жұмыс жасау алаңын қалыптастыру. Аталған игі бастамаға мұрындық болған Қазақстан мұсылмандар Діни басқармасы. Халықаралық форумға жетекшілік еткен ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Серікбай қажы Сатыбалдыұлы кіріспе сөзінде: «Мұндай ізгі...
date05.03.2018readCount2241readmoreТолығырақ
«Валентин күні» арсыздыққа жетелейді
Ислам діні қазақ халқының өзіндік руханияты мен мәдениетінің қалыптасуындағы негізгі қайнарлардың бірі екені сөзсіз. Алайда, өзге ұлттың азғындаған салты мен дәстүрі, жат діннің қисынсыз сенімі мен нанымы дініміз бен дәстүріміздің басына үздіксіз қара бұлттай қаптап келеді, сүйекке сіңіп барады. Сондай түкке тұрмайтын, жарамсыз, жаңадан пайда болған жоралғылардың бірі – 14 ақпанда жастар  қапылып, қуана күтетін, халық арасында кең таралған «Валентин күні» деп аталатын...
date14.02.2018readCount2118readmoreТолығырақ