Ғұсыл құйыну
толық жуыну, шомылу
Ғұсыл құйыну
Ғұсыл құйыну (жуыну, шомылу) – бүкіл дененің арнайы жуылуы. Ол мына адамдар үшін міндетті болып табылады:
- Исламды жаңадан қабылдаған адам
- Жүніп болған адам (жыныстық қатынаста болған немесе ұрығы атылып шыққан адам)
- Мәйітке ғұсыл құю, яғни қайтыс болған адамды шомылдыру
Ғұсыл құйыну мұстахаб (жақсы көрілген) болатын жағдайдар:
- Жұма намазы үшін
- Айт намазы үшін
- Ихрам киер алдында
- Арафат күні Арафат тауына тұрарда
- Ақыл-естің орнына келуі
- Қан алдырған соң
- Өлікті жуғаннан соң
- Истсихададан (үзір қаннан) айыққан әйел үшін
- Тәубе еткен адам үшін
Ғұсылдың парыздары:
- Ауызды жуу, шаю;
- Мұрынды шаю;
- Денесін толық жуу.
Ғұсылдың сүннеттері:
- Бисмилләмен бастау
- Ниет ету
- Әуретті жуу
- Ластық тиген жерлерді тазалау
- Дәрет алу
- Үш рет басқа, үш рет оң иыққа, үш рет сол иыққа су құйып оны бүкіл денеге жеткізу
- Сөйлемеу
- Құбылаға алдымен де, артымен де қарамау
- Жалғыз болса дағы әуретінің жабық болуы
Ғұсыл құйынбаған жағдайда істеуге болмайтын нәрселер:
- Намаз оқу
- Қағбаны тауап ету
- Мешітке кіру
- Құранды ұстау мен оқу