Дұға жасағанда Аллаға «сіз» әлде «сен» дейміз бе?

16 наурыз 2020 12579 0
Оқу режимі

Әссәләмуғалейкум! Дұға жасағанда Аллаға «сен» деп айту дұрыс қой. «Сіз» деп жүрген танысым бар екен. Соған айтқан едім, ИншаАлла сізден сұрап беремін деп. Аллаға «Сіз» деп айтуға болмайды ғой, дұрыс па?  Айгерім.


Жауап

Уағалейкум әссәләм уа рахматуллаһи уә бәракәтуһ!

Құрметті Айгерім, Аллаға дұға еткенде «сен» деп қолданған абзал. Әйтсе де, «сіз» деп айту мәселесін әр елдің тілдік ерекшелігіне қарай қарастыру керек деп ойлаймын. Мысалы, түрік тілінде Аллаға «сіз» деп айтуға болмайды. Өйткені, олардың тіліндегі «сіз» көпше түрді білдіреді, яғни, «сендер» деген мағынада (кейде сыпайылықты да білдіреді). Орыс тілінде де солай. Араб тілінде де Аллаға «сіз» деп айтпаған дұрыс. Өйткені, ол тілде де «сіз» сөзі екі кісіден көп адамға қолданады (үш, төрт, бес т.б. кісілер).  

Ал қазақ тілінде «сіз» сөзі  - «Сен» есімдігінің сыпайы түрі. Яғни, тек сыпайылықты білдіреді. Көпше түрді білдірмейді. Сондықтан да, Аллаға «сіз» деп жалбарынған адамды қателеседі деп айтпас едім. Әйткенмен де, Аллаға «сен» деген жарасады. Алла – жалғыз. Одан басқа құдай жоқ. Оған ғана құлшылық етеміз, Одан ғана медет сұраймыз. Әр нәрсенің ең дұрысын білуші де Өзі! 

Абдусамат Қасым

Тегтер: Алла дұға
Пікірлер Кіру