Намаз уақытының парыздығы

03 шілде 2018 12212 0
Оқу режимі

Сұрақ: Ассалам алейкум. Намазды жинап оқыса бола ма?

Алтыншаш


Жауап

Жауап: Уа алейкум ассалам. Намазды барынша уақытында оқуға тырысу керек. Себебі Алла Тағала Құранда:

إِنَّ الصَّلَاةَ كَانَتْ عَلَى الْمُؤْمِنِينَ كِتَابًا مَّوْقُوتًا

«Өйткені, намаз мүміндерге белгілі уақытта парыз қылынды»[1]– дейді. Яғни, әр намаздың белгілі уақыты бар. Намазды сол белгілі уақытта оқудың үкімі – парыз.

Ал егер қандай да бір себептерге байланысты намаз уақытында оқылмай қалса, ол намаздың қазасы өтеледі. Себебі Пайғамбарымыз (с.ғ.с):

مَنْ نَسِيَ صَلَاةً فَلْيُصَلِّ إِذَا ذَكَرَهَا لَا كَفَّارَةَ لَهَا إِلَّا ذَلِكَ

«Кімде-кім намазын ұмытып кетсе, оны есіне түскенде оқысын. Оның бұдан басқа кәффәраты[2] жоқ»[3] деп бұйырған.

Тоқетері: әр намазды өз уақытында оқу керек. Егер кей себептерге байланысты намаздарды уақытында оқи алмасаңыз, ол намаздардың қазасын қосып оқысаңыз болады.

Ең дұрысы Аллаға мәлім.

Айбек Әбдіқадыр

Muslim.kz сайтының діни сарапшысы

 

[1] Ниса 103

[2] өтемі

[3] Бухари

Тегтер: намаз
Пікірлер Кіру