Намазда дұғаларды ұмыту намазды бұза ма?
06 ақпан 2019
17383
0
Оқу режимі
Ассалам алейкум. Салеметсіз бе? Намаз оқып жатып, дұғаларымды ұмытып калып отырсам, намаз бұзыла ма? Айнұр Абаевна
Жауап
Сәлеметсіз бе. Намаз оқып жатып дұғаларды ұмытып қалсаңыз, намазыңыз бұзылмайды. Егер әттахият пен құнұт дұғаларын ұмытсаңыз, олардың үкімі – уәжіп болғаны үшін намаз соңында сәһу сәждесін жасайсыз. Ал қалған дұғалардың көпшілігінің үкімі сүннет дәрежесінде болғаны үшін, оларды ұмыту сәһу сәждесін қажет етпейді.
Ең дұрысы Аллаға мәлім.
Айбек Әбдіқадыр
Muslim.kz сайтының діни сарапшысы
Пікірлер
Кіру