Бала емізетін әйел Рамазан оразасын бөліп ұстауына бола ма?

21 мамыр 2018 19074 0
Оқу режимі

Ассалам алейкум. Кейбір бала емізетін әйелдер Рамазан оразасын бөліп ұстап жүр. Яғни екі күн ораза ұстап, бір күн ұстамайды екен. Олай жасауға бола ма? Ерболат


Жауап

Уа алейкум ассалам. Егер жүкті әйел мен бала емізуші әйел өзі үшін немесе баласы үшін қорқатын болса, онда төрт мазхаб ғалымдары бір ауыздан олардың ауыздарын ашуларына болатынын айтқан.

Ал, егер ешқандай зиян келмейді деп білсе, онда оразасын ұстау – уәжіп. Үзіп ұстауға тек үзір жағдайлар ғана әсер ете алады[1]. Бұл мәселенің жауабын көрнекті ғалым Ибн Ақил: «Жүкті немесе бала емізуші әйел баласы үшін қорқатын болса, оған ораза ұстауы халал болмайды[2]. Ал егер балаға зиян келмейді десе, онда ауызын ашуы халал болмайды», – деп баяндаған.

Тоқетерісі: егер ораза нақты зиян келтіреді дейтін жағдай болмаса, оразаны ұстау уәжіп болып қала бермек. Ал егер зиян келетін болса, онда ораза ұстамайды. Қалай болғанда да, парыз Рамазан оразасын себепсіз үзуге болмайды.

Айбек Әбдіқадыр
Muslim.kz сайтының діни сарапшысы

 


[1] Белгілі үзір жағдайлар деген – сапарға шығу, ауырып қалу т.б.
[2] Халал болмайды деген – күнә болады деген мағынада.

Пікірлер Кіру