НАМАЗДА ІСТЕУГЕ БОЛМАЙТЫН, ІСТЕСЕ МӘКРУҺ БОЛАТЫН ІС-ӘРЕКЕТТЕР ҚАНДАЙ?
09 қараша 2023
3128
0
Оқу режимі
Сұрақ: Намазда істеуге болмайтын, істесе мәкруһ болатын іс-әрекеттер қандай?
Жауап
Намаз оқушыға мына нәрселерді істеу мәкруһ:
Киімімен немесе денесімен ойнау.
Жерде жатқан майда тастарды алу.
Сәжде жасауға кедергі келтірсе тек бір рет ысыруға болады.
Саусақтарын сатырлатып, бір-бірімен айқастыру.
Қолын бетіне таяну.
Киімін ағыту, жинау.
Шаштарын қайыру.
Оңға, солға басын бұру.
Отырғанда ит сияқты шоқиып отыру.
Білектерін жерге тигізіп сәжде жасау.
Сырттан сәлемдескенге қолымен сәлем қайтару.
Үзірсіз малдасын құрып отыру.
Маңдайы мен мұрнына жұққан шаңды қолымен сүрту.
Аузына Құран оқуға кедергі келтіретін нәрсе салып тұру.
Көңілін аударатын, тақуалықты бұзатын кез-келген іс-әрекет.
ҚМДБ Шариғат және пәтуа бөлімі
Пікірлер
Кіру