Дұха намазы неше рәкағат?

19 қазан 2022 14707 0
Оқу режимі

Дұха намазы неше рәкағат?


Жауап

Таң намазы аяқталып, күн бір немесе екі найза бойына көтерілген уақытта қосымша оқылатын «Дұха» намазы бар. Араб тілінен аударғанда бұл сөздің мағынасы – «Сәске уақыты». Бұл намазды бесін намазына дейін орындауға болады[1].

Дұха намазының рәкағат санына қатысты Алла елшісінен (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) бірнеше деректер келеді. Ханафи мазһабы бойынша бұл намаздың ең аз дегенде төрт рәкағат оқылғаны абзал[2].  Яғни бұл төрт рәкағат тұтастай, екіге бөлінбей, бесін намазының төрт рәкағат сүннетіне ұқсас өтелгені жақсырақ.

Айша анамыздан (оған Алла разы болсын) «Алла елшісі (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) дұха намазын оқитын ба еді?» деп сұралғанда, Айша анамыз былай деп жауап берген:

قالَت نعَم أربعًا ويزيدُ ما شاءَ اللَّهُ

«Иә, төрт ракағат (оқитын). Алла нәсіп еткенің тағы да қосатын еді»[3].

Күндізгі нәпіл намазды бір сәлеммен төрт рәкағаттан асырып оқу «мәкруһ» (жағымсыз іс-әрекет) саналады. Сондықтан «Дұха» намазын сегіз немесе он екі рәкағат оқысы келген адам әр төрт рәкағат сайын сәлем бергені жақсырақ[4].

Қорытынды: «Дұха» намазы бір сәлеммен кем дегенде төрт рәкағат етіп оқылуы абзал.

Дарханұлы Тамирлан
Нұр-Сұлтан қаласы бойынша
пәтуаға жауапты маман

 


[1] Хасан ибн Ғұмар Шурунбуляни, «Мароқил-Фалах» 333 бет.
[2] Хасан ибн Ғұмар Шурунбуляни, «Мароқил-Фалах» 333 бет.
[3] Имам Ахмад, Насаи, Ибн Мажа жеткізген хадис
[4] Ахмад Ибн Мухаммад Тахтауи,  «Хашияту Тахтауи аля Мароқил-Фалах» 396 бет.

Автор: Muslim.kz порталы

Пікірлер Кіру