Нәпіл намаздарды дауыстап оқуға бола ма?

15 қазан 2022 9752 0
Оқу режимі

Ассалаумағалейкум! Нәпіл намаздарды дауыстап оқи берсем болады ма?


Жауап

Уағалейкумассалам!

Парыз намаздарында дауыс шығарып және дауыс шығармай сыбырлап қана оқылатын жерлер бар екені белгілі. Нәпіл (ерікті) намаздары да осыған ұқсас. Ақшам намазы кіргеннен бастап, таң намазына дейін қосымша ғибадатты дауыстап атқаруға болады[1].

Айша анамыз жеткізген хадисте:

كان النبي ﷺ في صلاة الليل ربما جهر وربما أسر

«Алла елшісі (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) түнгі намазда кейде дауысын шығарып, кейде дауысын бәсендедіп оқитын»[2]

Ал таң намазынан ақшам намазына дейінгі намаздар бәсең дауыспен ғана өтелуі міндет (уәжіп)[3].

Қорытынды: Күндіз таң намазынан бастап ақшам намазына дейінгі аралықтағы намаздар сыбырлаған дауыспен оқылады. Кешкі ақшам уақытынан бастап, таң намазына дейін ашық жоғары дауыспен нәпіл намаздарды оқуға болады.     

 

Дарханұлы Тамирлан
Астана қаласы бойынша
пәтуаға жауапты маман

 


[1] Хасан ибн Ғұмар Шурунбуляни, «Мароқил-Фалах» 212 бет.
[2] Имам Ахмад жеткізген хадис.
[3] Хасан ибн Ғұмар Шурунбуляни, «Мароқил-Фалах» 212 бет

Автор: Muslim.kz порталы

Пікірлер Кіру