Адамның зәрі арқылы емделуге бола ма?

19 қараша 2020 10950 0
Оқу режимі

Сәлеметсіздер ме! Менің сұрағым іш құрылысын несеппен емдеуге болады ма? Яғни адам өзінің кіші дәретін өзі ішуге болады ма? Рахмет. Ансар.


Жауап

Уа алейкум ассалам!

Адамның зәрі – нәжіс. Бұл – барлық ғалымдар бірауыздан айтқан пәтуа. Әсілінде, харам затта шипа болмайды. Дегенмен, одан өзге рұқсат етілген ем шарасы табылмаған жағдайда тәжірибелі де сенімді дәрігер емдік әсері бар десе, осы тәсілмен емделуге рұқсат етіледі.

Хадисте түйенің сүті және зәрін белгілі бір дертке емдік үшін ішу жайлы келген деректер бар. Әнас бин Малик (р.а.): «Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) құзырына Ғарина және Ғукалдан бір топ кісі келді. Оларға Мадина қаласының ауасы жақпай ауырып қалды. Пайғамбарға (с.ғ.с.) өз жағдайларын айтып шағымданған кезде: «Садақа үшін берілген түйелерге барып, сүті мен зәрін ешсеңдер дұрыс болар еді», – деді. Олар солай жасады және жазылып кетті...[1]», – делінген.

Ибн Сина бұл жөнінде: «Сүт ішбөсірді (асцит, шемен) емдеуге келмейді дегендердің сөзіне мән берме. Білгенің жөн, түйенің сүті пайдалы емдік сусын. Адам су мен астың орнына ішетін болса, шипа табады. Араб жеріне барған бір елдің тәжірибесінен өткен. Зәрулік себепті ішіп, пайдасын көрген. Ал, ең пайдалы зәр – араби түйенің зәрі[2]», – деген.

Ибн Аббасдан (р.а.): «Түйенің зәрі іш түйіп ауырғанға шипа[3]»,-деген риуаят бар.


[1] Бұхари, Муслим
[2] Қанун, Ибн Сина
[3] Ибн Мунзир

Пікірлер Кіру