НА­МАЗ ОҚЫ­МА­ҒАН ЖАН­НЫҢ ҮКІ­МІ ҚАН­ДАЙ БОЛМАҚ?

На­маз­дың ақыл­ды, ба­ли­ғат жа­сы­на жет­кен, хайыз бен ни­фас­тан та­за­лан­ған мұ­сыл­ман­дар­ға па­рыз еке­ні жайлы ауыз­бір­лік бар. На­маз бен ора­за се­кіл­ді тән­дік ғи­ба­дат­тар­да өкіл­дік іс­ке ас­пайды. На­маз­дың па­рыз­ды­ғын те­ріс­ке шы­ғар­ған дін­нен шы­ға­ды. Өйтке­ні, на­маз ай­қын аят, ха­дис жә­не иж­мағ дә­лел­де­рі­мен анық­тал­ған. Жал­қау­лық, нем­құ­райлы­лық се­бе­бі­мен на­маз­ды тас­та­ған кү­нә­кар жә­не па­сық бо­ла­ды.

На­маз оқы­мау – дү­ние мен ақы­рет аза­бы­на се­беп. Ақы­рет­те­гі азап ту­ра­лы Құ­ран­да бы­лай айты­ла­ды: «Олар жән­нат­та тұ­рып кү­нә­кар­лар­дан: «Са­қар жа­һан­нам­ға тү­су­ле­рі­ңе нен­дей се­беп бол­ды?» – деп сұ­райды. Сон­да олар: «Біз на­маз оқы­май­тын едік», – деп жауап қа­та­ды»[1]. Ха­зі­ре­ті Пай­ғам­ба­ры­мыз (с.ғ.с.): «Әдейі на­маз­ды тас­та­ған адам­ға Алла пен Пай­ғам­бар­дың кө­ме­гі бол­майды»,[2] – дейді. «Кім­де-кім жұ­ма на­ма­зы­на нем­құ­райлы­лық­пен қа­рап, оны үш рет тәрк ет­се, Алла Та­ға­ла оның жү­ре­гі­не мөр ба­са­ды»[3].

Имам Ағ­зам мәз­һа­бы бойын­ша, жал­қау­лық жа­сап, на­маз­ды тас­та­ған адам, на­маз­дың па­рыз­ды­ғын те­ріс­ке шы­ғар­майын­ша, дін­нен шық­пайды. Бі­рақ кү­нә­кар, па­сық бо­ла­ды. Оған на­маз жайлы ес­кер­ті­ліп, на­си­хат еті­ле­ді не­ме­се тәр­бие үшін жа­за бе­рі­ле­ді[4].

Кім­де-кім на­ма­зын ұмы­тып не­ме­се ұйық­тап қал­са яки жал­қау­лық­пен оқы­ма­са, сол оқы­ма­ған на­маз­да­ры­ның қа­за­сын мін­дет­ті түр­де оқи­ды. Ха­дис­те: «Кім­де-кім ұйық­тап қа­лып, ұмы­тып на­ма­зын оқи ал­ма­са, ес­ке түс­кен сәт­те де­реу оқы­сын»[5].

На­маз – өте ма­ңыз­ды мә­се­ле. Пай­ғам­ба­ры­мыз (с.ғ.с.): «Қия­мет кү­ні адам­ның ал­ғаш есеп­ке тар­ты­ла­ты­ны – па­рыз на­ма­зы. Егер осы на­маз­ды то­лық орын­да­са, нет­кен та­ма­ша?! Ке­рі­сін­ше жағ­дайда: «Қа­раң­дар, нә­піл на­ма­зы бар ма екен? Егер нә­піл на­ма­зы бол­са, па­рыз­дар­дың ке­міс­ті­гін осы на­маз­дар­мен тол­ты­рың­дар. Бұ­дан кейін­гі бас­қа па­рыз­дар да дәл осы­лай жа­са­ла­ды», – деп айты­ла­ды[6].

«На­маз – жү­рек пен рух­тың ты­ны­ғуы, ар-ож­дан­ның сейіл құруы. Әр­кім­нің әл­сіз­ді­гі мен құ­мар­лы­ғы бар. Алла Ел­ші­сі­нің аса ын­тық құ­мар­лы­ғы на­маз­ға ар­нал­ған еді»[7]. Сол үшін де әр­бір на­маз­дың уақы­тын­да Бі­ләл­ға қа­рап: «Бі­ләл, жа­ны­мыз­ды ра­қат­қа бө­ле! (Жан­са­райы­мыз­ды кеңейтші!)»[8], – дей­тін. «На­маз – кө­зім­нің қа­ра­шы­ғы»[9], – деуі осы ерек­ше­лік­ті көр­се­те­ді.

Сон­дық­тан, біз­дің жән­нат­қа кір­ген кез­де се­зі­не­тін ға­жайып се­зім мен қуа­ныш­ты Алла Ел­ші­сі әр­бір на­ма­зын оқы­ған­да се­зіп, ке­ле­сі на­маз­ды аса ын­тық кө­ңіл­мен кү­те­тін. На­маз – адам­ды миғ­раж­ға һәм то­лық адам шы­ңы­на же­ту жол­да­рын көр­се­тіп, жөн­ге са­ла­тын ма­ңыз­ды ғи­ба­дат. Ол – мұ­сыл­ман­ның миғ­ра­жы. На­маз – дін­нің ті­ре­гі[10]. Дін ке­ме­сін на­маз жүр­гі­зе­ді. Он­сыз мүм­кін емес. На­маз өзі же­ке­лей ес­кер­ту­ші бо­луы­мен қа­тар, оның орын­да­луы да дәл со­лай ес­кер­ту­ші ре­тін­де іс­ке асуы ке­рек. Адам на­ма­зын жү­ре­гі мен се­зім­де­рін бар­лық нәр­се­лер­ден ау­лақ ұс­тап, оқуы қа­жет. Сол үшін адам­ның дә­рет қыс­қан сәт­те на­маз оқуы жақ­сы са­нал­ма­ған[11]. Иә, адам ойын осын­дай нәр­се ма­за­ла­ған шақ­та на­маз­ға тұр­ма­ға­ны жөн. Сол сәт­те адам­ның ойы екі нәр­се­ні ой­лайды. Ал мұн­дай жағ­дайда адам кө­бі­не­се ма­ңыз­ды нәр­се­лер­ден айры­лып қа­ла­ды. Со­ны­мен қа­тар, мұн­дай бір жағ­дайда на­маз оқу – на­маз­ды тө­мен санау. Өйтке­ні, ол де­реу өт­кі­зіп жі­бе­ре­тін­дей же­ңіл іс емес. Же­ңіл-жел­пі оқи са­ла­тын жағ­дай емес, ке­рі­сін­ше өмі­рі­міз­ді нұр­лан­ды­рып, ра­қат­қа бө­лей­тін екі дү­ние игі­лі­гі.

Жү­рек­пен, ыс­тық ықы­лас­пен на­маз оқу үшін жа­са­ла­тын бар­лық дайын­дық­тар да дәл на­маз оқу се­кіл­ді сауап әке­ле­ді. Сол үшін адам әуелі ар­тық нәр­се­лер­ді тас­тап, на­маз­да өзін алаң­да­та­тын бар­лық нәр­се­лер­ден бойын ау­лақ ұс­тап, на­маз­ға ықы­лас­пен тұ­руы тиіс. На­маз­ға тұ­ру сә­ті­не дейін бол­ған бар­лық са­ты­лар сол адам­ға сауап ре­тін­де жа­зы­ла­ды. Оның ниеті – алаң­сыз бе­рі­ліп на­маз оқу. Ал мұ­сыл­ман­ның ниеті – жа­са­ған ісі­нен жақ­сы[12]. Көз са­лайық. Бас­қа жан­дар осы қа­жет­ті­лік­те­рін жа­са­ған­да тек қа­жет­ті­лі­гін іс­ке асы­ру­мен ға­на шек­те­ле­ді, ал мұ­сыл­ман­ның әжет­ха­на­ға ба­руы да сауап әке­ле­ді. Дә­рет алу­дан бұ­рын бір­не­ше қа­дам жү­руі де, дә­рет алу үшін аз­дап кі­ді­руі де оған сауап.

Қа­жет­ті­лік­тің өте­луі мен дә­рет­тің алы­нуы адам­ды рух жа­ғы­нан на­маз­ға дайын­дауы тұр­ғы­сы­нан өте ма­ңыз­ды. Мейлі, бұл дә­рет мү­ше­ле­рі­нің жуылуы ке­зін­де де­не­де­гі қоз­ға­лыс­тың ба­ғыт ауыс­ты­руы, мейлі бас­қа да ай­тып тү­сін­дір­ген се­беп­тер бол­сын, нә­ти­же өз­гер­мейді. Мұ­сыл­ман дә­рет ал­ған кез­де, бұл се­кіл­ді пайда­лар­ды ес­ке­ріп, ой­лап та жат­пайды. Ол дә­рет­ті не үшін ал­са, тек қа­на со­ны ой­лайды. Ойла­ған нәр­се­лер­дің ара­сын­да ең бі­рін­ші ке­зек­ке на­маз­ды қояды.

Дә­рет үшін дайын­дық – ес­кер­ту­дің бі­рін­ші­сі, дә­рет – екін­ші­сі. Со­дан кейін азан айты­лып, үшін­ші рет на­маз оқу­ды ес­кер­те­ді. Не­гі­зін­де дә­рет алып жат­қан кез­де һәм дә­рет­тен кейін сүн­нет ре­тін­де қал­ған су­ды ішу, дұ­ға оқу се­кіл­ді сүн­нет­тер­ді орын­да­ған кез­де адам­ның жан-дү­ниесі мен ру­хы әр­қа­шан ақы­рет әле­мі­не кі­ре­ді. Ар­тын­ша бұ­ған сүн­нет на­ма­зы қо­сыл­ған кез­де, адам па­рыз­ды оқу­ға то­лық дайын тұ­ра­ды.

Иә, па­рыз на­маз­ға жа­сал­ған дайындығымыздың барлығы біз­ді жан дү­ние­міз­бен шынайы бе­рі­ліп, бейне бір Алланы кө­ріп тұр­ған­дай на­маз оқу­ға ша­қы­ра­ды. Ал­ды­мен мұ­на­ра­лар­дан жаң­ғы­рып, Аллаһ­тың ұлы­лы­ғын әлем­ге паш ет­кен сол бір дауыс кө­ңіл-күйі­міз­ді тол­қы­тып әке­тіп, біз Алланың ұлы­лы­ғын жү­ре­гі­міз­бен се­зе­міз. Ба­ра­тын ме­шіт­ке же­ту­ге асы­ғып, қа­дам­да­ры­мыз­ды мы­ғым­дай бас­тай­мыз. Осы­лайша азан­мен, жы­рақ­тан кел­ген ша­қы­ру­ға жауап бер­ген­дей қозғалысымызды артты­ра тү­се­міз. Азан бі­ту­ге таян­ған сәт­те біз де еріп ке­те ба­ра­мыз. Ме­шіт­ке ба­рып нә­піл на­маз­ға тұ­ра­мыз. Біз бейне бір нә­піл на­ма­зы­мыз­бен бет бұ­рып, Раб­бы­мыз­ға бы­лай деуді қа­ла­ған­дай­мыз: «Аллаһым, ар­қа­шан жү­зім­ді са­ған бұ­райын. Із­де­ге­нім­ді се­нен та­байын… Се­ні кө­ріп, Се­ні ес­тиін. Әрқа­шан жат­сам да, отыр­сам да, тұр­сам да есім­нен кет­пей Се­ні ой­лайын, Се­ні зі­кір етейін. Өйтке­ні, Се­нен өз­ге­ге бет бұ­ру, бас­қа­лар­ды кө­ру, бас­қа нәр­се­лер­мен айна­лы­су­дың бә­рі де тү­гел бос әуре­ші­лік. Мен бос нәр­се­лер­ден қа­шып, өте ма­ңыз­ды бір нәр­се­ге жү­зім­ді бұ­ра­мын». Нә­піл­де мұн­ша­ма ты­ры­сып, Хақ­тың есі­гін қа­ғып, па­рыз­ға тү­гел­дей са­на­лы түр­де бас қоюға ты­ры­су – па­рыз­ға те­рең кө­ңіл қою үшін өте ма­ңыз­ды. Дә­рет әсер ет­кен еді. Азан да әсер ет­ті. Нә­піл­мен де үшін­ші қа­дам­ды ат­та­дық. Мі­не, дәл осы кез­де, қо­ңыр даусы­мен азан­шы ыс­тық ықы­ла­сы­мен Аллаға бет бұ­рып, тәк­бір айтады. Бұл біз­ді қат­ты тол­қы­ту­ға се­беп­кер ең соң­ғы әсер­лі де нұр­лы сөз­дер еді. Дәл осы сәт­те адам­ның жан дү­ниесі тол­қып, Алла Та­ға­ла­ға тү­гел бе­рі­ліп жү­зін бұ­рып, «Мих­ра­бым қайда­сың» деп іш­тей те­рең жы­лай ал­ма­са, ол адам­да нұқ­сан­дық бар. Азан­шы тәк­бір айтып, Алладан бас­қа адам­ды ма­за­лай­тын бар­лық нәр­се­ге соң­ғы рет соқ­қы бе­ріп, құл «Аллаһу әк­бар» деп на­маз­ға ой­мен кі­ріп, рү­куғ­ке, сәж­де­ге бар­ған кез­де де осы сөз­ді қайта­лап айта­ды. Осы­лайша на­маз­дың әр­бір ба­сын­да Раб­бтың ұлы­лы­ғын, өзі­нің кі­ші­лі­гін паш етіп: «Раб­бым, Сен ұлы­сың, мен бол­сам кі­ші­мін», – деп Оның ал­дын­да то­лық құл­шы­лық са­на­сы­мен бас иіп, те­рең ойға ба­та­ды»[13].

[1] Мүддәссир, 74/40-43.\

[2] Бухари, Мауақит, 15, 34; Насаи, Салат, 15.

[3] Насаи, Жума, 2; Тирмизи, Жума, 7; Ибн Мажа, Иқама, 93.

[4] Ибн Абидин, I. 32.

[5] Әбу Дәәуд, Салат, 11, Ибн Мажә, Салат, 10, Насаи, Мауақит, 53.

[6] Әбу Дәәуд, Уитр, 2; Насаи, Салат, 6; Дарими, Әбу Мухаммәд ибн Абдуррахман, Сунән, Египет. т. Салат, 208; Малик ибн Әнас, Муатта, Египет, Салатул-Лайл, 14.

[7] Мәжмауз-Зәуәид, 2/271.

[8] Әбу Дәәуд, Әдәб, 87; Муснәд, 5/364-371.

[9] Нәсәи, Нисә, 1; Муснәд, 3/128.

[10] Кәнзул-Уммал, 7/284.

[11] Ибн Маже, Таһарат, 114; Муснәд, 5/250.

[12] Мәжма'уз-Зәуәйд, 1/61, 109.

[13] М. Фатхуллаһ, Мұхаммед пайғамбар − ғаламның рақым нұры. Дәуір баспасы, Алматы, 2004 ж. (ауд: Ахмет Әшен)