«Зират және зиярат мәдениеті» құжаты қабылданды (ФОТО)

10 желтоқсан 2020 4196 0
Оқу режимі

Бүгін елордада өткен «Ислам – мәдениет пен ізгіліктің бастауы» атты имамдардың IV республикалық онлайн-форумында «Зират және зиярат» мәдениеті құжаты қабылданды.

Форумда аталған құжатты жан-жақты таныстырып, баяндама жасаған ҚМДБ Уағыз-насихат бөлімінің меңгерушісі Батыржан Мансұров: «Зират және зиярат мәдениеті» құжаты екі бөлімнен тұрады. Бірінші бөлімде зират көтерудің үкімдері, зират көтеру мәдениеті, теңдік ұстанымы, құлпытас қою мәдениеті, зират құрылыстары мен кесене салу түрлері қамтылған. Ал екінші бөлімде зиярат жасаудың әдебі, марқұмдарға сәлем беру, Құран оқу, зиратта көңіл бөлінетін жайттар, кесенелерді зиярат жасау, әйелдердің зиярат жасауы сынды бірқатар мәселелерге айрықша мән берілген. Бүгінде зиярат жасауды бір тәртіпке келтіріп, жалпыға ортақ мәдениетті қалыптастыру – аса маңызды істің бірі. Құжат осы мақсатты көздейді», - деп атап өтті.  

 

Дереккөз: ҚМДБ баспасөз қызметі

Пікірлер Кіру