Жылдық есеп-2021: бір жылда 445 кәсіпорын сертификатталды

29 желтоқсан 2021 3118 0
Оқу режимі

ҚМДБ «Халал даму» стандарттау және сертификаттау орталығы мамандары жыл басынан бері 445 кәсіпорынды жаңадан сертификаттаудан өткізіп, 100 қасапшыға арнайы куәлік берді. Бүгінде 1000-нан астам кәсіпорын, 630 қасапшы «QMDB HALAL» сертификатымен өнім өндіруде.

Еліміздегі ең ірі сауда орындарының бірі саналатын 165 «MAGNUM» дүкеннің ет және шұжық сөрелеріне «QMDB HALAL» белгісі берілді. Сондай-ақ Ресей Өзбекстан, Қырғызстан, Моңғолия, Түркіменстанда орналасқан шетелдік кәсіпорындардан да келіп түскен өтініштер қанағаттандырылып, сертификат табысталды. Жыл бойы 2574 рет тексеріс жұмысы жүргізілді.

Биыл «Халал Даму» мамандары 2 халықаралық, 4 отандық конференцияға қатысты. Бас мүфти бастамасымен сапалы маман даярлау мақсатында «Халал Даму» мекемесі жанынан ашылған оқу орталығында 50-ге жуық семинар-тренинг өткізіліп, оған 800-ге жуық технолог, экспедитор, ветеринар, азық-түлік қауіпсіздігі мамандары қатысты.

2021 жылдың 27 мамырында Алматыда Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының қатысуымен халал өнімдердің алғашқы ең ауқымды жәрмеңкесі өтті. 11-12 қазан күндері Шымкент қаласында «QMDB HALAL» сертификатын алған өнімдердің халықаралық «HALAL EXPO-2021» көрмесі өтті. Көрмеге Өзбекстан, Қырғызстан, Ресей елдерінің және отандық кәсіпкерлер мен инвесторлар, халал индустриясындағы белді кәсіпорындар мен халықаралық сертификаттау органдары қатысты.

Дереккөз: ҚМДБ баспасөз қызметі

Пікірлер Кіру