ЖҰМА НАМАЗЫНАН КЕЙІН «ПӘТУА САҒАТЫ» ЖҮРГІЗІЛУДЕ (ФОТО)
Республикалық «Әзірет Сұлтан» мешіті жұма намазынан кейінгі пәтуа сағатын жаңа форматта жалғастыруда.
Әр жұма намазынан кейін пәтуаға жауапты мешіт имамдары жиналған жамағатқа ҚМДБ ғұламалар кеңесінде қабылданған пәтуаларды жіті таныстыратын болады. Сондай-ақ, бұрынғыдай қала тұрғындары мен мешіт жамағаты білікті дін мамандарынан көкейлерінде жүрген діни сұрақтарға жауап ала алады.
Бүгінгі пәтуа сағатында ҚМДБ пәтуа бөлімі мен ғұламалар кеңесінің атқаратын қызметі мен ерең еңбектері айтылды. Сондай-ақ, әр нәрсенің дұрыс үкімін дін мамандарынан сұрап, кез келген іс-әрекетті дін шеңберінде орындаудың маңыздылығы айтылды. Пәтуаға қатысты насихаттан соң мешіт ұстаздары Тамирлан Дарханұлы мен Закир Занху «Сюцай» жүйесі жайында шыққан пәтуамен таныстырды. Артынша жамағаттың көкейінде жүрген сауалдарға жауап берді.
Айта кетейік, «Пәтуа сағаты» қазақ және орыс тілдерінде жүргізіледі.
Дереккөз: Muslim.kz