«Зекет және қайырымдылық» қоры сырқат сәбилерге көмек көрсетті (ФОТО)

01 сәуір 2022 3560 0
Оқу режимі

ҚМДБ «Зекет және қайырымдылық» корпоративтік қоры Нұр-Сұлтан қаласындағы «Ана мен бала» ұлттық-ғылыми медицина орталығында қайырымдылық шарасын өткізді.

Қасиетті Рамазан айы қарсаңында орталыққа 5 мүгедектер арбасы, 10 дана балдақ, 4 алғашқы медициналық қобдиша мен 3 дана лампа, сондай-ақ тағы да басқа медициналық құрал-жабдықтар табысталды. 

«Жомарттық пен жанашырлықтың көркем үлгісіне куә болатын мүбәрак айға да келіп жеттік. Берекелі ай қарсаңында аналар мен балаларды қолдау мақсатында осы қайырымдылық шарасын өткізіп отырмыз. Игі іске атсалысқан, демеушілік жасаған азаматтарға Алла Тағала разы болып, ниеттерін қабыл етсін. Ақ халатты абзал жандардың қызметіне жеңілдік, береке тілеймін», – деді «Зекет және қайырымдылық» қорының директоры Қанат Қыдырмин.

Дереккөз: ҚМДБ баспасөз қызметі

Пікірлер Кіру