V Республикалық турнир палуандарының салмақ өлшеу рәсімі өтті (ФОТО)

27 қазан 2018 7047 0
Оқу режимі

Бүгін қазақ күресінен ҚМДБ жүлдесі үшін ұйымдастырылып отырған V Республикалық турнир палуандарының салмақ өлшеу рәсімі болып өтті. Еліміздің түкпір-түкпірінен бас қосқан палуандар бүгін «Дәулет» спорт кешенінде көпшілік алдында таразыға тартылып, дүбірлі дода алдында салмақтарын тағы бір өлшетті.

Салмақ бойынша төменгісінің өзі 90 келіден кем түспейтін 39 жігіт электрондық таразыға көтеріліп, ертеңгі жарысқа сақадай-сай екендіктерін байқатты. Айта кетейік, апайтөс, бура білекті палуандар арасындағы ауыр салмақ 151 келіні көрсетті. Алайда «күш атасын танымас» дегендей, боз кілемдегі ертеңгі тартыста кімнің бабы шауып, кімнің бағы жанары ешкімге белгісіз.

Сайыс жоспары бойынша палуандар ертең ел алдында жеребе таңдап, боз кілемдегі қарсыласы сол кезде белгілі болмақ. Қасиетті қажылық жолдамасы жүлдеге тігілген дүбірлі доданың жеңімпазы да ертең анықталады. Бірге жанкүйер болыңыз, оқырман!

Дереккөз: muslim.kz

Пікірлер Кіру