Түркия мүфтиі ҚМДБ төрағасының үндеуін қолдады

10 сәуір 2020 6117 0
Оқу режимі

Қазақстан Мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай Тағанұлының Ислам әлемінің ғұламаларына, дінбасыларына жолдаған үндеуін алыс-жақын шет елдердің мүфтилері қолдап жатыр.

Соның бірі Түркия Республикасы Дін істері басқармасының төрағасы Али Ербаш та үндеуді қолдайтынын жеткізіп, хат жолдады.

«Қазақстан Мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай Тағанұлы, әуелі Ислам әлемінің діни басқарма басшыларына жолдаған, өте астарлы жолдауыңызды шынайы көңілден мақұлдаймыз. Жұма күні, Жұма уақытында дұғаға Түркия Мемлекеті және халқымен бәріміз бірлесе қол жайып, Жаратушы Алладан ең жақын мерзімде Мұхаммед үмбетін және адамзатты осы коронавирус індетінен құтқаруын тілейміз. ҚМДБ төрағасы бауырым Наурызбай Тағанұлына жалынды сәлемім мен шынайы ықыласымды жолдаймын!» - делінген аталған хатта.

Дереккөз: ҚМДБ баспасөз қызметі

Пікірлер Кіру