ТҮРКІСТАНДА ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯ БАСТАЛДЫ (ФОТО)

06 мамыр 2022 3720 0
Оқу режимі

Бүгін Түркістан қаласында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ұйымдастыруымен «Ислам өркениетінің дамуына түркі халықтарының қосқан үлесі» тақырыбында халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция басталды.

Конференция жұмысына Түркі мемлекеттері ұйымының Бас хатшысы Бағдат Әміреев, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Асқар Омаров, Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев, Халықаралық Түркі академиясының президенті Дархан Қыдырәлі, Түркі мемлекеттері ұйымы Ақсақалдар кеңесінің мүшесі Икрам Адырбекұлы, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы, Түркия Республикасы Дін істері басқармасының басшысы, Бас мүфти Әли Ербаш, Кавказ мұсылмандары басқармасының төрағасы, Бас мүфти Аллашүкір Паша-Заде, Қырғызстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Замир Ракиев, Өзбекстан мұсылмандары басқармасының бірінші орынбасары Хамитжан Ишматбеков, ҚМДБ Ғұламалар кеңесінің, Ақсақалдар кеңесінің мүшелері, ғалымдар мен облыс бас имамдары қатысуда.

Айта кетсек, конференцияны өткізудегі мақсат – түркітілдес елдердің ортақ мұраларын дәріптеу, Ахмет Ясауи бабамыздың, сонымен қатар түркі дүниесіне ортақ Қорқыт ата, Ясауи, Мәуләна, Нәуәуи, Манас мұраларын насихаттау, Матуриди сенім мектебі мен Әбу Ханифа мәзһабын халыққа жеткізу, діни оқу-ағарту саласы бойынша бірлескен жобаларды жүзеге асыру, жаһандық сын-қатерге жауап беруде мұсылман үмбетінің өзара ынтымағын арттыру, діни мерекелерді бір күнде атап өту, ортақ пәтуалар қабылдау, деструктивті діни ағымдардың теріс үгіт-насихат жұмыстарына жол бермеу.

 

Дереккөз: ҚМДБ баспасөз қызметі

Пікірлер Кіру