Тоқаев Қазақстанның Катар мен Кувейттегі елшілерін қызметінен босатты

02 қыркүйек 2020 3920 0
Оқу режимі

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның Катар мен Кувейттегі елшілерін қызметінен босатты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

«Асқар Жеңісұлы Шоқыбаев Қазақстан Республикасының Қатар Мемлекетіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметінен;

Дәулет Тазабекұлы Ембердиев Қазақстан Республикасының Кувейт Мемлекетіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметінен босатылды», – делінген Ақордада.

Сондай-ақ, Мемлекет басшысының жарлығымен Арман Исағалиевтің Қазақстан Республикасының Қатар Мемлекетіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі болып тағайындалғаны айтылады.  Ол Қазақстан Республикасының Египет Араб Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметінен, Қазақстан Республикасының Алжир Халық Демократиялық Республикасындағы, Тунис Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқарудан босатылды.

Пікірлер Кіру