«ТӨЛЕБАЙ» МЕШІТІНДЕ МӘУЛІТ КЕШІ БОЛЫП ӨТТІ (ФОТО)

20 қыркүйек 2024 140 0
Оқу режимі

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Астана қаласы өкілдігіне қарасты «Төлебай» мешітінде сүйікті Пайғамбарымыз (с.ғ.с) туылған Рабиғул әууәл айының құрметіне орай Мәуліт кеші ұйымдастырылды.

Рухани шараға қатысқан «Әзірет Сұлтан» мешітінің наиб имамы Омар Сәлімбеков Пайғамбарымызға (с.ғ.с) деген сүйіспеншілік жайлы уағыз айтып, екі дүние сардарын шынайы жақсы көрудің қаншалықты маңызды екендігін жеткізді.  

Айтулы мерекеге айрықша дайындалған мешіт қызметкерлері де жамағатқа ерекше сый-құрмет көрсетіп, ақ дастархан басында өнегеге толық сұхбаттар жүрді. Және Бәрзәнжи мәуліті оқылып, Пайғамбарымызға (с.ғ.с) сәлем-салауаттар жолданды.

Кеш соңында арнайы Мәуліт кешінің құрметіне жайылған дастархан басында  Құран оқылып, еліміздің амандығы мен тыныштығы үшін дұға жасалды.

Пікірлер Кіру