«ТӨЛЕБАЙ» МЕШІТІНДЕ МӘШҺҮР ЖҮСІП КӨПЕЙҰЛЫНА АРНАЛҒАН СЕМИНАР ӨТТІ (ФОТО)

30 қазан 2024 456 0
Оқу режимі

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Астана қаласы өкілдігіне қарасты «Төлебай» мешіті жамағатқа Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы жайлы арнайы семинар өткізді.

Рухани жиынға шақырылған Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті халықаралық қатынастар кафедрасының профессоры, тарих ғылымдарының кандидаты, «Алтын қалам» әдеби жүлдесінің иегері Әміржан Қайырұлы Әлпейісов Мәшһүр Жүсіптің тұлғалық бейнесі мен оның еңбектері жайлы арнайы баяндама жасады.

Жиынға қатысушы жамағат қазақ ғұламасының көпшілікке беймәлім тұстарымен танысып, ол жайлы тарихи мәліметтерге қанықты. Айта кетсек, Мәшһүр-Жүсіп Көпейұлы 1858 жылы Павлодар облысы, Баянауыл ауданында дүниеге келген.  Ойшыл, фольклор танушы, этнограф, тарихшы, философ, қазақ мәдениеті мен әдебиетінің белгілі тұлғасы. Арғын тайпасы Сүйіндік руы Күлік бөлімінен шыққан. Мәшһүр-Жүсіп араб және парсы тілдерін жетік білгенімен қоймай, көп тілді білген ғұлама.

Пікірлер Кіру