ТӘЖІКСТАННАН КЕЛГЕН МӘРТЕБЕЛІ МЕЙМАН «ӘЗІРЕТ СҰЛТАН» МЕШІТІН ЗИЯРАТ ЕТТІ (ФОТО)

08 тамыз 2024 676 0
Оқу режимі

Елордаға іс-сапармен келген Тәжікстан Республикасы Үкіметі жанындағы Теледидар және радио комитетінің төрағасы Нуриддин Саид «Әзірет Сұлтан» мешітіне ат басын бұрды.

Құлшылық ордасында наиб имам қызметін атқарып келе жатқан Темірлан Дарханұлы мен басқа да дін қызметкерлері қонақтарды ыстық ықыласпен қарсы алып, мешіттің тыныс-тіршілігімен таныстырды.

Астана қаласына жолы түскен мәртебелі мейман алыстан менмұндалаған құлшылық ордасының сәулеті мен сәніне таңданысын жасырмай, «Әзірет Сұлтан» мешітін жоғары бағалайтынын жеткізді.   

Пікірлер Кіру