ТӘУЕЛСІЗДІК КҮНІНЕ ОРАЙ ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ ЖАСАЛДЫ (ФОТО)

16 желтоқсан 2025 159 0
Оқу режимі

Бүгін елордадағы «Ар-Рахман» мешітінде қала бас имамы Ерболат Жүсіповтің қатысуымен Тәуелсіздік күніне орай қайырымдылық іс-шарасы өтті.

Тәуелсіздік күніне және ҚМДБ 35 жылдығына орай «Әзірет Сұлтан» мешітінің ұйымдастыруымен өткен игі шара барысында 35 отбасы азық-түлікпен қамтамасыз етілді.

Ең алдымен қала бас имамы жұртшылықты айтулы мерекемен құттықтап, отбасыларына амандық тіледі: «Тәуелсіздік – бұл үлкен құндылық. Бабаларымыз қаншама жылдар бойы осы күнді аңсады. Біз Аллаға шүкір міне сол тәуелсіз елде бақытты, тыныш өмір сүрудеміз. Бұл үлкен нығмет. «Кімде-кім таңертең мал-жаны, отбасы аман-есен, дені сау, ауру-сырқаудан ада, бір күндік азығы, ішіп-жемі бар хәлде оянса, дүниенің барлығын иелік еткенмен тең» деген ардақты Пайғамбарымыз. Сондықтан көп шүкір етейік. Еліміз аман, жұрт тыныш болсын. Сіздерге жомарт жандардың демеуімен беріліп жатқан сыйымызды қабыл алыңыздар», деді Бас имам.

Пікірлер Кіру