Тараздағы ғылыми конференция аяқталды (ФОТО)

04 маусым 2021 3626 0
Оқу режимі

Тараз қаласында өткен Атлах шайқасының 1270 жылдығына арналған ғылыми-танымдық халықаралық конференция аяқталды.

Конференцияның екінші бөлімінде тарих ғылымдарының докторы, профессор, академик, шығыстанушылар сөз сөйлеп, тың деректерімен бөлісті. Атап айтсақ, Нұр-Мүбәрак универсиетінің ректоры, профессор Мұхаммад Шаххат әл-Жинди, шығыстанушы, тарих ғылымдарының докторы Болат Көмеков, тарих ғылымдарының кантидаты Дәулетхан Әлімғазы, Кувейт халықаралық университетінің ректоры, тарих ғылымдарының докторы Асан Ормушев Атлах шайқасының тарихи мәні мен жеңісі жайлы баяндама жасады.

Жиынға қатысушылар арасында онлайн сөз сөйлеген қонақтар да болды. АҚШ-тағы Гарвард университетінің профессоры Нұрлан Кенжеахмет, Өзбекстан Ұлттық ғылым академиясы Шығыстану институтының ғылыми қызметкері Феруза Жұманиязова, Л.Гумилев атындағы ЕҰУ профессоры Әшірбек Мүмінов,  Баку мемлекеттік универсиетінің оқытушысы, профессор Ахмед Ниязов Шығыс деректемелеріндегі Тараз, Атлах, Ақыртас қалалары мен Атлах шайқасындағы саяси ұстаным, діни мақсат-міндеттерді сөз етті.

Нұр-Мүбәрак Университет жанындағы Әбу Ханифа ғылыми-зерттеу орталығының директоры Шәмшәдин Керім мен дінтану ғылымының Phd докторы Мұхан Исахан Талас ғазауатын діни тұрғыдан бағалау критерилері мен діни тұлғалар жайын тілге тиек етті.

Конференция соңында Үндеу жарияланып, іс-шара қорытыланды.

Дереккөз: ҚМДБ баспасөз қызметі

Пікірлер Кіру