Тағылымға тұнған «Даналық тамшысы» оқырманға жол тартты

05 қазан 2018 6646 0
Оқу режимі

Нұр-Мүбарак университетінің докторанты, исламтанушы Қуат Қабдолданың «Даналық тамшысы» атты кітабы жарық көрді. Автордың бұл еңбегі көп жылғы зерттеп жүрген уақып тақырыбы мен уағыз ретінде жазылған ғибратты оқиғалар мен әңгімелерді қамтиды. Еңбек исламтанушы, дінтанушы мамандарға ғана емес жалпы көпшілік қауымға арналады. Кітап Қазақстан Республикасы Дін істері комитеті, ҚР Мәдениет және спорт министрінің «дінтану сараптамасын жүргізу» талаптарынан өтіп, оң бағаға ие болған.

Ал алғы сөз жазған PhD доктор Мұхитдин Исаұлы:

«...түсінгенге бұл кітаптың айтары да, берері де көп. Торқалы тойдан тойып қайтқандай, қайтып қана қоймай қоржынның екі басы толып қайтқандай күй кешесіз...»,-деп жоғары баға берген.

Нұр-Мүбарак университетінің алғашқы түлектерінің қатарындағы исламтанушы Қуат Қабдолда ел ішінде имамдық қызмет атқарып, Мысыр елінде араб тілін жетілдіріп, Нұр-Мүбарак университетінің магистратурасын тәмамдап, ұстаздық қызмет атқарып, бүгінде докторантура бөлімінде ғылымға бет бұрған. Бұл еңбектің кез келген оқырман үшін тағылымы мен пайдасы өлшеусіз екені даусыз.

Дереккөз: Нұр-Мүбарак университетінің баспасөз қызметі

Пікірлер Кіру