Серікбай қажы Ораз Ақтөбе облысы əкімдігінде Кеңес отырысына қатысты (ФОТО)

25 қыркүйек 2018 7206 0
Оқу режимі

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Серікбай қажы Ораз Ақтөбе облысының əкімі Бердібек Сапарбаевтың төрағалығымен өткен əкімдік жанындағы діни бірлестіктермен байланыс жөніндегі кеңейтілген Кеңес отырысына қатысты.

Кеңес жұмысын ашқан Бердібек Машбекұлы алғашқы сөзді Серікбай қажы Сатыбалдыұлына ұсынды.

Кеңесте сөз алған Бас мүфти:

"Ислам - қоғамның рухани тірегі. Еліміздің тұрақтылығы мен ұлттардың өзара татулығының нығаюына үлес қосуда дін қызметкерлеріне де артылар жауапкершілік үлкен. Жұмыс барысында имам-молдаларды тарихи кезеңде ұдайы белсенді қызмет етуге үндеп келемін. Баршамыздың мүддеміз бір: қоғам тұрақтылығы мен татулығы", - деп атап өтті.

Кеңес жұмысында облыстық дін істері басқармасының басшысы Жолдас Қалмағанбетов, ҚМДБ-ның Ақтөбе облысы бойынша өкіл имамы Төлеби Оспан, "Ақтөбе" медресе-колледжінің директоры Əбдімүтəлі Дəуренбеков баяндама жасады.

Кездесу соңында Бас мүфти жергілікті түрлі саладағы мекеме басшыларының сұрақтарына жауап берді.

Дереккөз: ҚМДБ баспасөз қызметі

Пікірлер Кіру