САРАПШЫЛАР КЕҢЕСІНІҢ СЕГІЗІНШІ МӘЖІЛІСІ ӨТУДЕ (ФОТО)

12 желтоқсан 2024 2119 0
Оқу режимі

Бүгін Алматы қаласында Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының төрағалығымен Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы жанындағы Сарапшылар кеңесінің сегізінші мәжілісі өтуде.

Кеңес жұмысын ашқан Наурызбай қажы Тағанұлы: «Биылғы 2024 жылды ҚМДБ аясында «Ислам және дәстүр құндылығы» жылы деп жарияладық. Атаулы жыл аясында халқымыздың дүниетанымына сай дәстүрлі Исламды дәріптеуге, оның ғылыми-теориялық негізін дамыту мәселесіне мән берілді. Сонымен қатар дәстүрлі дінімізді, ата-бабамыз сан ғасырдан бері ұстанып келген діни жолымызды, төл мәзһабымызды, ұлттық құндылықтарымыз бен қазақы болмысымызды насихаттауға тырыстық», - дей келіп, «MUFTIYAT» баспасынан шыққан дін мен дәстүр үндестігі мен үйлесімін негіз еткен кітаптар, Ислам өркениетінің дамуына үлес қосқан ғұламалардың еңбектерін насихаттау мақсатында ҚМДБ-ның атсалысуымен өткізілген іс-шараларға арнайы тоқталды.

Мәжілісте Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының қызметіне қатысты сындар мен жұмысын жетілдіру жолдары, 2025 жылы басымдық беретін жұмыс бағыттары, сондай-ақ дәстүрлі мұсылмандық мектепті жаңғырту бағытындағы маңызды іс-шаралар сынды мәселелер талқылануда.

Дереккөз: ҚМДБ Баспасөз қызметі

Пікірлер Кіру