«Сәдуақас қажы Ғылмани» мешітінде ұлттық ойын түрлерінен сайыс өтті

20 наурыз 2026 56 0
Оқу режимі

Ораза айт мейрамына орай «Сәдуақас қажы Ғылмани» мешітінде Дәстүр және отбасы бағыты аясында қазақтың ұлттық ойын түрлерінен сайыс өтті.

Асық ату, арқан тартыс, қошқар көтеру, қол күрес және кір тасын көтеру бойынша өткен ұлттық додаға жамағат белсене қатысып, күш-қайрат пен бірліктің үлгісін көрсетті. Әрбір қатысушы өз ептілігін танытып, көрермендердің ыстық ықыласына бөленді.

Іс-шараға халықаралық деңгейдегі спорт шебері, «Толағай» спортының негізін қалаушы Тимур Спатаев қатысып, ойындардың барысын тікелей бақылап, қатысушыларға жетекшілік етті. Бұл дәстүрлі додалар мерекенің ажарын аша түсті. Әсіресе, жастардың белсенділігі мен қызығушылығы ұлттық мұраға деген құрметтің артып келе жатқанын аңғартады.

Суреттерді толығырақ «ФОТОГАЛЕРЕЯ» айдарынан көре аласыз!

Дереккөз: ҚМДБ Астана қаласы өкілдігінің баспасөз қызметі

Пікірлер Кіру