«Сәдуақас қажы Ғылмани» мешітінде донорлық акциясы өтеді
14 қаңтар 2020
5826
0
Оқу режимі
15 қаңтар, сәрсенбі күні «Сәдуақас қажы Ғылмани» мешіті қан тапсыру (донорлық) бойынша қайырымдылық шарасын өтеді, деп хабарлайды sunna.kz тілшісі.
Қан тапсырушыға ниет білдірген азаматтардың аталған күні «Сәдуақас қажы Ғылмани» мешітіне келіп, аталған шараға қатысуына болады. Елімізде донорлардың тапшылығынан көпшілік адамдар қиын жағдайларға тап болуда. Мұқтаж жанның қайғы-мұңына бей-жай қарамайтын бауырларымыз «Сәдуақас қажы Ғылмани» мешіті жанына арнайы келген Қан орталығы мамандарына қан тапсыра алады.
Қан тапсыршы алдын ала мынадай талаптарды сақтауы тиіс:
- 18 жасқа толған болу;
- Жеке куәлігімен келу;
- 72 сағат ішінде құрамында аспирин және басқа да анальгетик бар дәрі-дәрмек қабылдамаған болу;
- 48 сағат ішінде алкоголді ішімдік қабылдамаған болу;
- 24 сағат ішінде майлы, ащы һәм сұрленген, сүттен жасалған тағамдар мен жұмыртқа қабылдамаған болу;
- Таңертең жеңіл таңғы ас (суға піскен ботқа, тәтті шай, құрғақ печенье) ішкен болу;
- 2 сағат ішінде темекі шекпеген болу;
- 5-10 минут алдын тәтті шай (мешітте ұйымдастырылады) ішуі керек.
Қайырымдылық шарасына қатысқан азаматтар қан тапсырып болған соң төмендегі істерге көңіл бөлуі керек:
- 5-10 минут демалу (бас айналған жағдайда дәрігерлерге айтыңыз);
- 2 сағат темекі шекпеу;
- 3-4 сағат таңғышты суламау және шешпеу;
- 24 сағат ауыр жұмыс істемеу, алкоголді ішімдік қабылдамау;
- 48 сағат жиі тамақтанып, көбірек су ішу;
- 14 күн екпе (прививка) салдырмау;
- 2-3 айдан кейін қайта қан тапсыруға болады.
Уақыты: 09:00 – 13:00 аралығында.
Өтетін орны: «Сәдуақас қажы Ғылмани» мешіті.
Пікірлер
Кіру