«С. Ғылмани» мешітінде «Айтта жақсылық жасайық» қайырымдылық акциясы өтті
20 наурыз 2026
53
0
Оқу режимі
«Сәдуақас қажы Ғылмани» мешітінде «Айтта жақсылық жасайық» қайырымдылық акциясы ұйымдастырылды.
Іс-шараның мақсаты – мереке қарсаңында мұқтаж отбасыларға қолдау көрсету, балаларға қуаныш сыйлау және қоғамда мейірімділік пен бірлікті насихаттау.
Акция аясында 10 отбасыға арнайы дайындалған азық-түлік себеттері табыс етіліп, олардың күнделікті қажеттіліктеріне көмек көрсетілді. Сонымен қатар, балаларға мерекелік көңіл-күй сыйлау үшін тәттілер мен сыйлықтар берілді.






Дереккөз: ҚМДБ Астана қаласы өкілдігінің баспасөз қызметі
Пікірлер
Кіру