«С. ҒЫЛМАНИ» МЕШІТІ: ЖАСТАР ІСІ СЕКТОРЫ БАЛАЛАРДЫҢ ШАШЫН ТЕГІН АЛДЫРТТЫ (ФОТО)

12 маусым 2024 675 0
Оқу режимі

ҚМДБ Астана қаласы өкілдігіне қарасты «Сәдуақас қажы Ғылмани» мешітінің Жастар ісі секторы Құрбан айт мерекесі қарсаңында Астана қаласындағы №3 арнайы КММ мектебіндегі (Даун Синдромы, ДЦП, аутизм спектрінің бұзылуы және орталық жүйке жүйесінің зақымдалуы – ақыл-ой кемістігі бар) балаларға тегін шаш алу қызметін ұсынды.

Мұсылманның ұлық мерекесі – Құрбан айт қарсаңында балалардың көңіліне күй сыйлап, бүлдіршіндердің жүздеріне шаттық пен нұр ұялады.

Айта кетсек, «Сәдуақас қажы Ғылмани» мешітінің Жастар ісі секторы дәстүрге айналған тегін шаш алу қызметін тұрақты түрде жүзеге асырып келеді.

8 адам, шаш кептіргіш және мәтін кескіні болуы мүмкін

6 адам және мәтін кескіні болуы мүмкін

Пікірлер Кіру