«РАИСА АНА» МЕШІТІНДЕ «ОРАМАЛЫМ - МЕНІҢ ҚОРҒАНЫМ»АТТЫ РУХАНИ КЕШ ӨТТІ

05 ақпан 2024 1392 0
Оқу режимі

ҚМДБ Әйел-қыздар секторы Астана қаласы  өкілдігінің ұйымдастыруымен «Раиса ана» мешітінде «Орамалым - менің қорғаным» атты рухани кеші өтті.

Шара барысында орамал тарихы айтылып, жаулық туралы монолог оқылды. Орамалды насихаттау мақсатында орамалды дұрыс тағу көрсетілімі қойылды, викториналық ойындар ойнатылды.

Жиынға «Әжелер» мектебінің белсенді мүшелері, «Раиса ана» қыз-келіншектер мектебінің әйел жамағаты қатысты. Ұстазымыз шариғат шәлісінің қадірін,  жамағатқа орамалдың әйел адамына қандай қорған екенін түсіндірді. Айта кетейік, игі шара дәстүрлі түрде жыл сайын ҚМДБ Әйел-қыздар секторының ұйымдастыруымен жалғасын тауып келеді.

Пікірлер Кіру