«РАИСА АНА» МЕШІТІНДЕ ДӘРІГЕРЛЕРМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ (ФОТО)

22 тамыз 2024 1051 0
Оқу режимі

ҚМДБ Астана қаласы өкілдігіне қарасты «Раиса ана» мешітінде №3 поликлиникада қызмет атқаратын гинеколог дәрігерлер Данагүл Қарабаева мен Динара Тусупбекованың қатысуымен «Жатыр мойыны ісігі» ауруына қарсы егілетін вакцинаның маңызы туралы түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Кездесуге «Әзірет Сұлтан» мешітінің ұстазы, «Әжелер мектебі» клубының жетекшісі ұстаз Күлсара Бекетқызы мен әйел жамағаты қатысты.

Білікті дәрігерлер мектеп жасындағы 11 жастан асқан жеткіншек қыздарға салынатын екпенің пайдалары туралы айта отырып, балаларына вакцинаны қабылдау не қабылдамау ата-аналардың өз еркінде екенін де қаперге салды.

Айта кетсек, статистика бойынша елімізде қатерлі ісікпен ауыратын адамдар саны өте көп. Сол себепті ем-дом шараларын уақытылы жүргізіп, аурудың алдын алу бүгінгі күні өте өзекті мәселелер қатарында.

Пікірлер Кіру