Құрма жемісінің «өмірді ұзартатыны» анықталды

23 қыркүйек 2019 6819 0
Оқу режимі

Пайғамбарымыздың (с.ғ.с) сүйікті асына айналған құрма жемісінің адам ағзасына пайдасы мен қасиеті жайлы аз айтылып жүрген жоқ. Белгілі диетолог Марият Мухина солардың қатарына жақында құрма жемісінің «қартаю процесін» тежейтін қасиеті де барын қосты.

«Аргумент және факт» бағдарламасына берген сұхбатында диетолог маман ада ағзасындағы қартаю процесін кешеуілдететін бірнеше өнім түрін атаған болатын. Солардың бірі – көк шай өзінің құрамындағы антиоксидант әсерін ағзадағы зат алмасу жақсарта түсетін көрінеді.

Ал, құрма жемісінің құрамындағы аминоқышқылы адам психикасын тыныштандырып, ас қорыту жүйесін жақсарта түседі екен. Сондай-ақ, жарақаттанған талшықтардың тез бітіп кетуіне тигізетін әсері көп көрінеді.

Ал, бет терісі мен көзіңізді сақтауға шырғанақ жемісі (облепиха) көмектеседі. Маманның айтуынша, шырғанақ құрамында  А дәрумені  өте көп кездеседі.

Дереккөз: Muslim.kz

Пікірлер Кіру