ҚҰРБАН АЙТ ҚАРСАҢЫНДА ОНКОЛОГИЯМЕН АУЫРАТЫН БАЛАЛАРҒА ҚУАНЫШ СЫЙЛАДЫ

27 мамыр 2026 59 0
Оқу режимі

КӨКТАЛ МЕШІТІ ҚҰРБАН АЙТ ҚАРСАҢЫНДА ОНКОЛОГИЯМЕН АУЫРАТЫН БАЛАЛАРҒА ҚУАНЫШ СЫЙЛАДЫ

Қасиетті Құрбан айт мерекесіне орай Көктал мешітінің ұйымдастыруымен онкологиямен ауыратын балаларға арналған қайырымдылық шарасы өткізілді.

Игі шара Көктал мешітінің жастар секторының жауапты жетекшісі Бердімуратов Хурсан ұстаздың бастамасымен жүзеге асып, 160 балаға қажетті гигиеналық құралдар мен көкөніс өнімдері табысталды. Сонымен қатар балаларға арнайы сыйлықтар ұсынылып, мерекелік көңіл-күй сыйланды.

Шараның басты мақсаты – сырқат балаларға рухани қолдау көрсетіп, олардың жүрегіне үміт пен қуаныш ұялату. Балалар мен олардың ата-аналары көрсетілген қамқорлыққа ризашылықтарын білдіріп, ұйымдастырушыларға алғыстарын жеткізді.

Қайырымдылық – Ислам дінінің асыл құндылықтарының бірі. Осы тұрғыда Хурсан ұстаз бастаған жастардың игі ісі қоғамдағы мейірім мен жанашырлықтың жарқын үлгісіне айналып отыр. Мұндай шаралар мұқтаж жандарға демеу болып қана қоймай, қоғамдағы өзара қамқорлық пен бауырмалдықты нығайта түседі.

Алла Тағала жасалған қайырлы амалдарды қабыл етіп, ел ішіндегі бірлік пен мейірімді арттырғай!

Дереккөз: ҚМДБ Астана қаласы өкілдігінің баспасөз қызметі

Пікірлер Кіру