ҚМДБ жұмыс тобы құрбандық малының бағасын бақылайды (ФОТО)
Бас мүфти бастамасымен қасиетті Құрбан айт мерекесіне орай ҚМДБ Орталық Аппаратында арнайы жұмыс тобы құрылып, бүгін Нұр-Сұлтан қаласы бойынша құрбандыққа шалынатын мал бағасын нақтылады.
Биылғы «QURBAN-2021» жобасы бойынша құрбан шалуды ұйымдастыру жұмыстарына жауапты ҚМДБ жұмыс тобы елордадағы «Баракат», «BIG Шанхай» және т.б мал базарларын аралап, жергілікті қой сатушылармен кездесті.
Кездесу барысында жұмыс тобы сатылымдағы қойдың бағаларын нақтылады. ҚМДБ Аппарат басшысы Ғылымбек Жәдігерұлы мемлекет тарапынан рұқсат берілген жағдайда биыл құрбан шалу рәсімі екі жолмен жүзеге асатынын айтып өтті. Сонымен қатар Шариғат және пәтуа бөлімі меңгерушісінің орынбасары Хасан Аманқұл жергілікті қой сатушыларға құрбандыққа шалатын малдың шариғат талабына сай болуын түсіндірді.
Мал құнын сараптауға арналған жұмыс тобында ҚМДБ «Зекет және қайырымдылық» қорының директоры Талғат Омаров пен Нұр-Сұлтан қаласының бас имамы Ерболат Жүсіпов те болды.
Дереккөз: ҚМДБ баспасөз қызметі