ҚМДБ ЖАСТАР ІСІ СЕКТОРЫ АЛДАҒЫ ЖҰМЫС ЖОСПАРЫН ТАЛҚЫЛАДЫ (ФОТО)

10 қыркүйек 2024 412 0
Оқу режимі

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Жастар ісі секторы алдағы жұмыс жоспарын талқылады.

Жиынға ҚМДБ Жастар ісі секторының меңгерушісі Бағыжан Ерболатұлы, сектордың Астана қаласы өкілдігі бойынша жетекшісі Рахымжан Жолдас және қала мешіттері бойынша басқа да жауапты мамандар қатысты.

Басқосу барысында қасиетті Мәуліт айында жүзеге асатын ірі іс-шаралар талқыланды. Соның бірі ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының тапсырмасымен «Ислам және дәстүр құндылығы» жылы аясында өтетін «Жастар – руханият шамшырағы» атты ІІ республикалық жастар форумы.

Сондай-ақ, білім сайыстары, дін мен дәстүр бағыты аясында ұлттық ойындар өткізу және жалпы жыл соңына дейін жоспарда тұрған шаралар талқыланып, өзара ой-пікірлер мен ұсыныстар ортаға салынды.

Пікірлер Кіру