ҚМДБ «Зекет» қайырымдылық қорының кезекті көмегі Арысқа жеткізілді (ФОТО)

11 шілде 2019 5827 0
Оқу режимі

ҚМДБ «Зекет» қайырымдылық қоры мен өңірлердегі өкілдерінің бірігуімен Арыс халқына кезекті көмек жеткізілді. Жалғасын тапқан «Арысқа жылу» шара аясында азық-түлік өнімдері мен керек-жарақтар үлестірілді.

Астанадан жолданған аманатты Түркістан облысының өкіл имамы Мұсабек Ақтамберді күтіп алды. Арыстықтарға «Зекет» қорының директоры Талғат Омаровтың сәлемін жеткізді. Ал жәрдемге қолы жеткен арыстық аналар алғыстарын айтып қалды.

Сонымен қатар, «Арысқа көмек» атты іс-шараны қолдай отыра, Шымкент қаласының Даму қорының есеп-шотына Нұр-Сұлтан қаласы ҚМДБ «Зекет» корпоративтік қорының Бас кеңсесінен қомақты қаржы да аударылды. Бұл – ҚМДБ «Зекет» қорының өңірлердегі өкілдіктерімен бірлесе отырып қайырымдылық іске қосқан үлестерінің бір бөлігі.

Бұған дейін жиырмадан астам көмек керуені мен қаржылай жәрдем көрсетілген болатын.

Бас Мүфти Серікбай Ораз айтқандай, бұл оқиға барша азаматты қайырымдылық ісінде біріктіріп, сондай-ақ бауырмашылдығын арттыруда.

Жұдырықтай жұмыла ортақ жүкті көтерісіп, жылуларын аямаған барша азаматтарға Алла разы болсын!

 

Дереккөз: «Зекет» қорының баспасөз қызметі

Пікірлер Кіру