ҚМДБ «УАҚЫП» ҚОРЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ МЕДРЕСЕ ТЫНЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ (ФОТО)

09 қазан 2024 340 0
Оқу режимі

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы «Уақып» қорының директоры Азамат Әбдікерімұлы «Астана» медресе-колледжіне арнайы ат басын бұрып, білім ордасының тыныс-тіршілігімен танысты.

Кездесу барысында Астана қаласының өкілі, «Әзірет Сұлтан» мешітінің бас имамы Ерболат Жүсіпов пен «Астана» медресе-колледжінің директоры Бақтыбай қажы Бейсенбаев оқу орнының қазіргі тыныс-тіршілігімен таныстырып, білім алып жатқан шәкірттермен жүздесу өткізді. «Уақып» қорының директоры Азамат Әбдікерімұлы Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының тапсырмасы аясында оқу орнында үздік үлгерімімен озат болып жүрген студенттерді марапаттап, қор тарапынан шәкірттерге әрқашан қолдау көрсетілетінін жеткізді.

Айта кетсек, медресе корпусы оқу үрдісіне сай қажетті жиһаздармен, ұйымдастыру техникасы, компьютер сыныбымен толығымен жабдықталған. Жеке ғимаратта арнайы оқу залы мен кітапхана бар. Медресенің оқу ғимаратына іргелес жатақхана мен асхана орналасқан. Өрт қауіпсіздігі нормалары мен ережелері талапқа сай. Медресе орталық жылыту жүйесімен жабдықталған.

Пікірлер Кіру