ҚМДБ ТӨРАҒАСЫНА ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ФОРУМДА МАРАПАТ ТАБЫСТАЛДЫ

17 желтоқсан 2025 74 0
Оқу режимі

Мысыр Араб Республикасының Каир қаласында өткен II Халықаралық пәтуа форумының қорытынды жиынында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы халықаралық марапатқа ие болды.

Марапатты Мысыр Араб Республикасының Бас мүфтиі, Әлемдегі пәтуа шығаратын ұйым Бас хатшысы, профессор, доктор Назир Мұхаммад Аяд табыстады. Марапаттау рәсімі барысында муфтилер, ғалымдар мен дін қайраткерлері қатарынан таңдалған тоғыз тұлғаға діни және пәтуа саласын дамытуға қосқан үлесі үшін марапат табысталды, олардың қатарында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Төрағасы да бар.

Айта кетейік, II Халықаралық пәтуа форумы «Заманауи сын-қатерлер жағдайында пәтуа беру және адам болмысының тұтастығы» тақырыбында өтті. Форумға әлемнің әр елінен бас мүфтилер, шариғат ғалымдары мен сарапшылар қатысты.

Қорытынды жиында пәтуа институттарының қоғамдағы рөлі, зекет пен уақып жүйесін дамыту және әлеуметтік мәселелерді шешудегі діни институттардың жауапкершілігі талқыланды.















Дереккөз: ҚМДБ Баспасөз қызметі

Пікірлер Кіру