ҚМДБ төрағасы Түркия мүфтиімен кездесті
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Серікбай қажы Ораз Мәскеу қаласында өткен "Ислам жаһандық әлемде: мұсылмандық мирас пен мәдениетаралық диалог" атты халықаралық конференция аясында Түркия Дін істері басқармасының төрағасы, профессор, доктор Әли Ербашпен кездесті.
Кездесуде бауырлас елдердің руханият саласындағы байланысы сөз болды. Сонымен қатар, тараптар Қазақстан және Түркия мұсылмандары діни басқармалары арасында қабылданған әріптестік меморандум аясында жүзеге асып жатқан жобаларды талқылады. Атап айтқанда, дін қызметкерлерінің білімі мен тәжірибесін арттыруға бағытталған ортақ келісім туралы сөз болды.
Өз кезегінде Бас мүфти Серікбай Сатыбалдыұлы Қазақстан мұсылмандары діни басқармасына жан-жақты қолдау көрсетіп келе жатқан Әли Ербашқа, Түркия Дін істері басқармасы ұжымына айрықша алғыс білдірді.
Кездесу соңында алдағы аптада Бас мүфтидің Түркияға жасайтын ресми сапары пысықталды.