ҚМДБ ТӨРАҒАСЫ САТУШЫЛАРМЕН КЕЗДЕСІП, МАЛ БАҒАСЫН ҚОЛДАН КӨТЕРМЕУГЕ ШАҚЫРДЫ

15 маусым 2024 928 0
Оқу режимі

Бүгін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Астана қаласындағы базарларды аралап, сатушылармен кездесіп, мал бағасын қолдан көтермеуге шақырды.
«Халқымыздың жағдайын ескеріп, мал бағасына барынша жеңілдік жасауға шақырамын. Алла Тағала саудаларыңыздың берекесін берсін. Өздеріңіз жақсы білесіздер, Құрбан айттың негізгі мәні – игі амал арқылы Алланың рақымына бөлену. Сіздерге де мал бағасына мейлінше жеңілдік жасап, игі амал жасауға мүмкіндік туып тұр. Алла ізгі ниетпен жасаған әрбір істеріңізге мол сауаптан жазсын» деді Наурызбай қажы Тағанұлы.

Дереккөз: ҚМДБ Баспасөз қызметі

Пікірлер Кіру