ҚМДБ ТӨРАҒАСЫ ҚҰРЫЛТАЙ САЙЛАУЫНДА ӨЗ ТАҢДАУЫН ЖАСАДЫ
23 тамыз 2026
92
0
Оқу режимі
Бүгін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Қазақстан Республикасы Құрылтайы депутаттарының сайлауына қатысып, өз таңдауын жасады.
Бас мүфти №516 сайлау учаскесіне барып, азаматтық міндетін орындап, дауыс берді.
Айта кетейік, бүгін еліміздің барлық өңірінде Қазақстан Республикасы Құрылтайы депутаттарының алғашқы сайлауы өтіп жатыр. Дауыс беру барысында азаматтар өз таңдауларын жасап, елдің қоғамдық-саяси өміріне қатысты маңызды шешімге қатысуда.
Биыл алғаш рет жаңа бірпалаталы Құрылтайдың депутаттары сайланады. Осылайша, 23 тамыздағы сайлау еліміздің саяси жүйесіндегі маңызды тарихи кезеңдердің біріне айналмақ.







Дереккөз: ҚМДБ Баспасөз қызметі
Пікірлер
Кіру