ҚМДБ ТӨРАҒАСЫ БАСЫЛЫМДАРДЫ МЕРЕЙТОЙЫМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ (ФОТО)
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы «Түркістан», «Айқын», «Литер» газеттерінің ұжымын мерейтойымен құттықтады.
«Жуырда «Түркістан» халықаралық газеті – 30, «Айқын» мен «Литер» газеттері 20 жылдық белесін еңсерді. Редакциялар ұжымын шын жүректен құттықтаймын. Аталған басылымдар ақпарат айдынындағы орнын айшықтап, сара жолы мен өзіндік бағыт-бағдарын қалыптастырып еліміздегі беделді басылымға айналды. Бүгінде «Түркістан», «Айқын» және «Литер» газеттері егемен еліміздің баянды бастамаларын үзбей насихаттаумен қатар ұлттық құндылықтарымызды ұлықтауға, халқымыздың бірлік-ынтымағын нығайтуға атсалысып келеді. Жақсы жаңалықтың жаршысы болып келе жатқан басылымдардың оқырманы көп болуын тілеймін» деді Наурызбай қажы Тағанұлы.
Сонымен қатар ҚМДБ Төрағасы «Түркістан», «Айқын», «Литер» газеттерінің редакцияларын аралап, сый-сияпат ұсынып, журналистерге шығармашылық табыс тіледі.
Дереккөз: ҚМДБ Баспасөз қызметі