ҚМДБ төрағасы Ақтөбеде зиялы қауым өкілдерімен кездесті (ФОТО)

26 қыркүйек 2018 6477 0
Оқу режимі

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Серікбай қажы Ораз Ақтөбе облысына жасаған сапары аясында жергілікті зиялы қауым өкілдерімен жүздесті."Нұр Отан" партиясының ғимаратында өткен басқосуға облыстық білім саласының ғалымдары, мемлекет жəне қоғам қайраткерлері, жергілікті дін қызметкерлері қатысты.

Кездесуде алғашқы сөз алған Серікбай қажы Сатыбалдыұлы: "Адам əуелі өзі өзгермесе оның айналасы мен жалпы қоғам өзгермейді. Алла Тағала қасиетті Құранда қайсібір қауым əуелі өзін өзгертпейінше, оларды өзгертпейтінін айтқан. Демек, қоғамның өзгеруін қалаған адам әуелі өзінің мінезін түзеп, санасы мен болмысын ізгілендіруі керек. Өзін тәрбиелеген адам отбасын түзейді. Отбасы түзелсе, қоғам түзеледі. Өйткені, пайғамбарымыз Мұхаммед (оған Алланың салауаты мен сəлемі болсын) əр пенде өз қарамағындағы адамдарға жауапты екенін айтқан", - деді.

Басқосуда сөз алған қоғам жəне мемлекет қайраткері Амангелді Айталы сынды ел ағалары еліміздегі діни ахуалды жақсартуға қатысты өз ойларын ортаға салды.

Кездесуде ҚМДБ-ның Ақтөбе облысы бойынша өкіл имамы Төлеби Оспан баяндама жасады. 

Дереккөз: ҚМДБ баспасөз қызметі

Пікірлер Кіру