ҚМДБ: qurban2022.kz сайты іске қосылды (ФОТО+ВИДЕО)
ҚМДБ Төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы бұқаралық ақпарат құралдары өкілдеріне берген сұхбатында құрбан шалу рәсімін қашықтан өткізуге арналған qurban2022.kz сайты іске қосылғанын хабарлады.
Бас мүфти жамағатты «Құрбан-2022» қайырымдылық акциясына үлес қосуға шақырып, халыққа оңтайлы болу үшін биыл құрбан шалу офлайн және онлайн форматта жүзеге асатынын тілге тиек етті.
Айта кетсек, онлайн түрде құрбан шалам деушілер сайт арқылы құрбандық малын таңдап, көрсетілген реквизитке қажетті қаражатты аудара алады. Қой мен ешкіні жеке адам, ал ірі қара мен түйе малын бір немесе 7 адам бірігіп шалса болады. Бұдан кейін төлем барысында хабарламаға тапсырыс нөмірі мен құрбандық шалушының аты-жөнін жазу міндетті. Құрбандық шалынған соң оның фото және бейне есебі тапсырыс беруші көрсеткен уацап нөмірге жіберіледі.
Дереккөз: ҚМДБ баспасөз қызметі