ҚМДБ ӨКІЛДЕРІ СУ ТАСҚЫНЫНАН ЗАРДАП ШЕККЕН АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫНА БАРДЫ
07 сәуір 2024
1124
0
Оқу режимі
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы «Зекет және қайырымдылық» қоры өкілдері су тасқынынан зардап шеккен Ақтөбе облысына барды.
Қор директоры Мақсатбек Қайырғалиев аталған өңірдегі жедел штабтың жұмысымен танысты. ҚМДБ делегациясы су басқан аймақ тұрғындарына 500 дана резіңке етік, 2500 дана қап, 2000 дана жөргек, 2000 дана көрпе-төсек, 2 қайық, қайыққа 3 қозғалтқыш, жарық құрылғысына 2 қозғалтқыш т.б. тұрмыстық заттарды жеткізді.
Сондай-ақ, Ақтөбе қаласында 1000, Ойыл ауданында 300, Қобда ауданында 200 адамға ыстық тамақ берілді.
Дереккөз: ҚМДБ Баспасөз қызметі
Пікірлер
Кіру