ҚМДБ ҒҰЛАМАЛАР КЕҢЕСІНІҢ МҮШЕЛЕРІ ТҮРКИЯДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЖИЫНҒА ҚАТЫСУДА

23 қараша 2026 88 0
Оқу режимі

Түркия Республикасы Дін істері басқармасының ұйымдастыруымен Ыстамбұл қаласында «Үмбеттің бірлігі және жаһандық мәселелер» тақырыбында Халықаралық пәтуа кеңестерінің консультативтік кездесуі өтуде.

22–25 қараша аралығына жоспарланған алқалы жиынға әлемнің түкпір-түкпірінен Бас мүфтилер, танымал ислам ғалымдары мен дін қайраткерлері жиналды.

Аталған басқосуға Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының арнайы тапсырмасымен ҚМДБ Ғұламалар кеңесінің мүшелері, Наиб мүфти, Шариғат және пәтуа бөлімінің меңгерушісі Сансызбай Құрбанұлы мен Уағыз-насихат бөлімінің меңгерушісі Батыржан Берденұлы арнайы барды.

Халықаралық кездесу аясында мұсылман үмбетінің бірлігін нығайту, жаһандық сын-қатерлерге қатысты ортақ діни ұстаным қалыптастыру және пәтуа беру тәжірибесін жетілдіру мәселелері талқыланады деп күтілуде.







​

Дереккөз: ҚМДБ Баспасөз қызметі

Пікірлер Кіру